Натаниел Хосорн
Натаниел Хосорн | |
Nathaniel Hawthorne | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Плимут, Нью-Гэмпшир |
Азаматтығы | |
Мансабы |
жазушы |
Бағыты | |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы | |
Ортаққордағы санаты: Натаниел Хосорн |
Натаниел Хосорн (4.07.1804 — 19.05.1864) — АҚШ әдебиетіндегі алғашқы классик жазушылардың бірі. Ол новелла жанрының қалыптасуына үлкен үлес қосты және романтикалық әдебиетті аллегория мен символизм үлгілерімен байытты.
Жазушының атасының атасы Джон Хосорн әйгілі Салем мыстандарының ісін қарастырған соттардың бірі болды. Ал әкесі Натаниел Хосорн-үлкен теңіз капитаны болды, ол 1808 жылы Суринамда сары қызбадан қайтыс болады.
1821-1825 жылдары Натаниел Хосорн Боудин колледжінде білім алады. Осы жылдары ол болашақ президент Франклин Пирспен, ақын Генри Уодсворт Лонгфелломен танысып достасады.
1828 жылы оның алғашқы шығармасы — Фэншо романы бастырылады.
Газеттерде жариялап жүрген әңгімелерін ол 1837 жылы жеке кітапқа жинап, Қайта айтылған әңгімелер атымен бастырады.
1842 жылдың шілдесінде ол София Пибодиге үйленеді. Оларда үш бала болады. Кейін ұлы Джулиан Хосорн да жазушы ретінде танылатын болады.
1850 жылы Натаниел Хосорнның ең атақты шығармасы — Алқызыл әріп романы басылады. Ал келесі жылы Жеті фронтоны бар үй атты романы жарық көреді. Және 1852 жылы досының биографиясын — Франклин Пирстің өмірі атты кітабын шығарады.
Ресми мансабы кедендік қызметке байланысты болған Хосорн 1853 жылы америкалық консул ретінде Ливерпульге жанұясымен көшеді. Төрт жылдан кейін консулдық қызметі аяқталып, олар Еуропаны біраз аралап шығады. 1860 жылы Америкаға оралады.
Натаниел Хосорн азамат соғысы жылдарында қайтыс болады.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Чарльз Осгуд салған портрет, 1841
-
Балалары Уна, Джулиан және Роуз
-
Салемде қойылған ескерткіш