Анар Нұрәліқызы Жайылғанова
Анар Нұрәліқызы Жайылғанова | |||||||||||
Лауазымы | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||
14 маусым 2019 — 11 қаңтар 2022 | |||||||||||
Ізашары | Алик Шпекбаев | ||||||||||
Ізбасары | Дархан Жазықбаев | ||||||||||
| |||||||||||
24 наурыз 2016 — 19 маусым 2019 | |||||||||||
Төраға | Бақтықожа Ізмұхамбетов Нұрлан Нығматулин | ||||||||||
| |||||||||||
13 наурыз 2008 — 29 қаңтар 2016 | |||||||||||
Төраға | Игорь Рогов | ||||||||||
| |||||||||||
желтоқсан 2004 — 13 наурыз 2008 | |||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||||||||||
Өмірбаяны | |||||||||||
Білімі | 1. Қазақ ұлттық университеті (1991) 2. Қаржы және несие факультетінің жоғары банк ісі мектебі (2003) | ||||||||||
Ғылыми дәрежесі | Заң ғылымдарының кандидаты | ||||||||||
Мамандығы | 1. Заңгер 2. Салық | ||||||||||
Азаматтығы | КСРО→ Қазақстан | ||||||||||
Дүниеге келуі | 10 шілде 1969 Семей, Семей облысы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||||||
Қайтыс болуы | 12 ақпан 2024 (54 жас) Қазақстан | ||||||||||
Жерленді | Ұлттық пантеон | ||||||||||
Балалары | қызы Айгерім Нұрланқызы Адырбекова (1992 туған) | ||||||||||
Марапаттары | |||||||||||
өңдеу |
Анар Нұрәліқызы Жайылғанова (10 шілде 1969, Семей – 12 ақпан 2024, Қазақстан) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, заңгер, мәжілістің 6-сайланым депутаты.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1969 жылы 10 шілдеде Семейде дүниеге келді.
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1986 жылы Семей облысы, Шар ауданы (қазіргі Жарма ауданы), Белтерек ауылындағы орта мектепті медальмен, 1991 жылы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік, 2003 жылы Қаржы және несие факультетінің жоғары банк ісі мектебін аяқтады. 2002 жылы “Қазақстан Республикасындағы сот қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, заң ғылымдарының кандидаты атанды.
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1991—1994 — Қазақстан ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері;
- 1994—1997 — Оңтүстік Қазақстан облыстық (қазіргі Түркістан облысы) сотының азаматтық істер жөніндегі аға кеңесшісі;
- 1997—1999 — Оңтүстік Қазақстан облыстық (қазіргі Түркістан облысы) сотының судьясы;
- 1999—1999 — Қазақстан әділет министрлігі соттардың қызметін ұйымдастыру департаменті сот жүйесін талдау және жетілдіру басқармасының басшысының орынбасары, бастығы;
- 1999—2000 — Қазақстан президенті әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы;
- 2000—2004 — Қазақстан Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі;
- 2004—2008 — Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы;
- 2008—2016 — Қазақстан Конституциясының кеңесінің мүшесі;[1]
- 2016—2019 — Қазақстан парламенті мәжілісінің 6-сайланым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;[2][3]
- 2019—2022 — Қазақстан мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.[4][5]
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрмыста, 1 қызы бар — Айгерім Нұрланқызы Адырбекова (1992 туған).[6]
2024 жылы 12 ақпанда 54 жасында қайтыс болып, Ұлттық пантеонда жерленді.[7]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан мемлекеттік қызмет істері агенттігінің “Үздік мемлекеттік қызметкер” төс белгісі;
- Қазақстан Жоғарғы Соты төрағасының құрмет грамотасы (1998);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Құрмет ордені (2009);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін медалі (2014);
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015);
- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі (2015);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- Судьялар одағының “Үш би” құрмет белгісі (2017);
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі (2020);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі (2021).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Конституциялық Кеңестің экс-мүшелері (қаз.). gov, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты. Тексерілді, 29 қараша 2024.
- ↑ Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 24 марта 2016 года о регистрации депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан шестого созыва (орыс.). online.zakon (24 марта 2016). Тексерілді, 29 қараша 2024.
- ↑ Мәжіліс Анар Жайылғанованың депутаттық өкілетін тоқтатты (қаз.). Азаттық радиосы (19 маусым 2019). Тексерілді, 29 қараша 2024.
- ↑ А.Н. Жайылғанованы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (14 маусым 2019). Тексерілді, 29 қараша 2024.
- ↑ Мемлекет басшысының Жарлығымен Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (11 қаңтар 2022). Тексерілді, 29 қараша 2024.
- ↑ Жаилганова Анар Нуралыкызы (орыс.). online.zakon. Тексерілді, 29 қараша 2024.
- ↑ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова қайтыс болды (қаз.). orda (13 ақпан 2024). Тексерілді, 29 қараша 2024.
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 10 шілдеде туғандар
- 1969 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Семейде туғандар
- 12 ақпанда қайтыс болғандар
- 2024 жылы қайтыс болғандар
- Соңғы жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Заң ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан судьялары
- Қазақстан заңгерлері