Алтынсарин ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Алтынсарин ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
9 | ||
Ауыл саны |
25 | ||
Әкімі |
Арнұр Маратұлы Сартов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Обаған ауылы, Ленин көшесі, №4 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
52°29′24″ с. е. 64°32′24″ ш. б. / 52.49000° с. е. 64.54000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°29′24″ с. е. 64°32′24″ ш. б. / 52.49000° с. е. 64.54000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
6,4 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
12 430[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (38,51%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
10 | ||
Алтынсарин ауданы — Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 5,4 мың км². Аудан орталығы — Обаған ауылы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Обаған ауданы алғаш рет 1928 жылы құрылды. Орталығы Урицкий ауылы болды.
1935 жылы Обаған ауданынан Урицкий ауданы бөлініп, орталығы Большая Чураковка болып қалды.
1963 жылы 2 қаңтарда Обаған ауданы таратылып, аумағы Қостанай, Семиозёр, Урицкий аудандары арасында бөлінді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының 1985 жылғы 9 қазандағы Қаулысымен Обаған ауданы қайта құрылды. Құрамына Қостанай ауданынан Большечураков, Владимиров, Димитров, Маяковский, Силантьев, Совхозный, Щербаков, Урицкий ауданынан Докучаев, Лермонтов, Новоалексеев, Свердлов, Семиозёр ауданынан Приозёрный ауылдық кеңестері еніп, әкімшілік орталығы Большая Чураковка ауылы болып бекітілді. Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай 1991 жылы 5 шілдеде Обаған ауданы Алтынсарин ауданы болып өзгертілді.
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Меңдіқара, батысында Қостанай, шығысында Сарыкөл, Қарасу, оңтүстігінде Әулиекөл аудандарымен шектеседі.
Аудан Қостанай облысының солтүстік және орталық бөлігінде, Батыс Сібір жазығындағы Тобыл, Обаған өзендерінің суайрығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150—200 м биіктікте. Кен байлықтарынан саз, боксит, қоңыр көмір барланған.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай жылы. Қаңтардағы орташа температура — -17—-18°С, кей жылдары -40°С-тан төмен, шілдеде — 21—22°С, кей жылдары 37°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм шамасында. Су қоры шығысында Обаған өзенінің орта ағысын, оңтүстік-шығысында Құсмұрын көлінің солтүстік бөлігінен және көптеген ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. Ірілері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б. Топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. Бетеге, селеу аралас әр түрлі шөптер өседі. Ауданның солтүстік-батысын Арақарағай орманы, солтүстік-шығысын Сарыкөл орман шаруашылығына қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
21412 | ▼19931 | ▲32542 | ▼20367 | ▼15688 | ▼13330 |
Тұрғындар саны – 13 846 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 37,74%, орыстар – 38,34%, украиндар – 11,85%, немістер – 5,29%, татарлар – 1,85%, беларустар – 1,51%, басқа ұлт өкілдері – 3,42%.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]25 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Димитров ауылдық округі | Танабай ауылы | 2 | ▼723 |
Қызыл Кордон ауылдық округі | Қызыл Кордон ауылы | 1 | ▼848 |
Мәриям Хакімжанова ауылдық округі | Щербаково ауылы | 4 | ▼2329 |
Новоалексеев ауылдық әкімдігі | Новоалексеевка ауылы | 1 | ▼657 |
Обаған ауылдық округі | Силантьевка ауылы | 5 | ▼3179 |
Омар Шипин ауылдық округі | Первомайское ауылы | 2 | ▼609 |
Свердлов ауылдық округі | Свердловка ауылы | 1 | ▼880 |
Үлкен Чураков ауылдық округі | Үлкен Чураковка ауылы | 5 | ▼1954 |
Ілияс Омаров ауылдық округі | Ілияс Омаров ауылы | 4 | ▼1446 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|
Щербаково | ▲1784 |
Силантьевка | ▲1655 |
Үлкен Чураковка | ▼1443 |
Свердловка | ▼880 |
Қызыл Кордон | ▼848 |
Новоалексеевка | ▼655 |
Докучаевка | ▼575 |
Танабай | ▼564 |
Кіші Чураковка | ▲559 |
Обаған | ▲516 |
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды аумағы 345,1 мың га, оның 221,3 мыңы егістік, 0,5 мыңы шабындық, 117,8 мыңы мал жайылымы. Аудан арқылы Қостанай—Көкшетау–Қарасу темір жолы және Қостанай—Көкшетау—Қарасу автомобиль жолдары өтеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ауданның тарихи. Алтынсарин аудан әкімдігінің ресми Интернет-ресурсы. Тексерілді, 5 желтоқсан 2016.
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
|
|