Мазмұнға өту

Нағыз аңдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Аң бетінен бағытталды)

Нағыз аңдар (Therіa)– сүтқоректі жануарлардың класс тармағы. Олар Жер шарында кең тараған. Құрлықта, топырақ астында, суда және ауада ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Дене тұрқы да әр түрлі. Мысалы: көк киттің денесінің ұзындығы 33 м, ал салмағы 160 т болса, ең кіші түрі – жабайы араға ұқсас жарғанаттың денесінің ұзындығы 30 мм, салмағы 2 г-дай болады. Бұлардың барлығына ортақ қасиет – ұрпақтарын тірідей туып, сүтімен асырайды. Көпшілік түрлерінде етті еріндері жақсы жетілген. Нағыз аңдарда клоака болмайды, ас қорыту, зәр шығару және жыныс жолдары сыртқа жеке-жеке ашылады. Бұл класс тармағына жататын түрлердің шығу тегі мен эволюциялық даму кезеңдері палеонтологиялық тұрғыдан толық зерттелген. Олардың қаңқа қалдықтары мезозой эрасынан табылған.

Қазақстанда нағыз аңдардың 8 отрядына жататын 178 түрі белгілі. Олардың 6 отрядқа бірігетін 40 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген нағыз аңдар 2 инфракласқа бөлінеді:

  1. Төменгі сатыдағы аңдар; қосымша қалталы жануарлар.
  2. Жоғарғы сатыдағы аңдар; қосымша арық жолдасты жануарлар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том