Мазмұнға өту

Бирхорлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бирхорлар
Birhul
Бүкіл халықтың саны

10 000(1998)

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

мундари тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар, индуизм

Бирхорлар (манкиди, манкрия, манкархия, ория тілінде - маймыл жегіштер; өз атаулары - бирхор, бихор, бирхар - орман адамы) — Үндістанның солтүстік-шығысындағы мунда тобына кіретін халық (Джаркханд, Орисса, Чхаттисгарх штаттары). Саны 10 мың адам. (1998).[1]

Бирхор орман халқы дегенді білдіреді - бир орман, тау адамдары дегенді білдіреді.[2]

Олар мундари тілінің диалектісінде сөйлейді. Сонымен қатар мунда тілдері (хо, сантали) және үнді-арий (хинди, ория, бихари) тілдері де кең таралған.[3]

Дәстүрлі нанымдарды сақталған. Соңғы кезде индуизмнің әсері байқалуда.[4]

Бирхорлар отырықшы тұрмыс пен егіншілікке көшуде. Сол сияқты терушілікпен, аңшылықпен (әсіресе маймылдарға), бал жинауға және сатуға негізделген. Олар жүзімнің белгілі бір түрінің талшықтарынан арқан жасап, жақын маңдағы ауыл тұрғындарына базарларда сатады.

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бирхорлар қоғамының негізі -отбасы болып табылады. Мұрагерлік ерлер бағыты арқылы өтеді. Олар өсімдіктер, құстар, жануарлар, өзендер және т.б. тотемдік кландарға (туыстас топ) бөлінеді. Бирхорлар тайпалар мен рулардың ережелерін ұстанады. Бирхор баласы бирхор қызына үйленуі керек, бірақ ұл мен қыздың руы бірдей болмауы керек. Ұл мен қыздың некеге тұруы әке мен шешеден үш ұрпаққа дейін туыстық қатынаста болмаған жағдайда ғана мүмкін болады.[5]

Дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұрғын үйлері – бұтақ пен жапырақтан жасалған лашықтар.[6]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Киімдері, негізінен батыстық әсерлері бар дәстүрлі үнді киімдерінің үлгісінде.

Бирхорлар тоғайда өмір сүретін десаулилердің қорғаншы рухтарына сенеді, аңшылық құдайы Сендра-бирге, маймыл құдайы Хануман-бирге, жолбарыс құдайы Бағ-бирге т.б. Утхлулардың 3-4 көшпелі тобы тотемдік атауға ие бір руды (танда) құрайды. Дүниенің жаратылуы, халықтың шығу тегі және туыстық қатынас туралы белгілі мифтер бар.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Бирхорлар. Тексерілді, 16 шілде 2024.
  2. Бирхорлар. Тексерілді, 16 шілде 2024.
  3. Бирхорлар. Тексерілді, 16 шілде 2024.
  4. Бирхор сөзінің мағынасы. Тексерілді, 16 шілде 2024.
  5. Бирхорлар. Тексерілді, 16 шілде 2024.
  6. Бирхорлар. Тексерілді, 16 шілде 2024.
  7. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Бирхорлар. Тексерілді, 16 шілде 2024.