Мазмұнға өту

Мангиан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мангиан
Бүкіл халықтың саны

30 000

Ең көп таралған аймақтар

 Филиппин

Тілдері

мангиан тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Мангиан — Филиппиндік тау халықтарының үлкен тобына кіретін Филиппиндегі халықтар тобы. Миндоро аралының ішкі таулы аймақтарын мекендейді.[1] Жалпы саны 30 мың адам. Мангиандар Солтүстік және Оңтүстік болып бөлініп, олар диалектілік және мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. ХХ ғасырдың екінші жартысында тагалдармен экономикалық және мәдени байланыстар мангиандардың ішінара ассимиляциясына ықпал етті.[2]

Тілі - мангиан тілі. аустронезиялық отбасының, батыс аустронезия тіл тобының Филиппин аймағына жатады.[3]

Дінге сенушілердің діни көзқарасы: дәстүрлі нанымдар.[4]

Солтүстік мангиандардың дәстүрлі кәсібі – терушілік (тамыр дақылдары, жабайы саго және т.б.), садақпен, тұзақпен аң аулау, қолмен атқарылатын егіншілік (тәтті картоп, тамыржемістілер, күріш). Жартылай көшпелі өмір салты тән болды. Қолөнері - ротаннан, бамбуктан (себеттер, төсеніштер, әшекейлер және т.б.) ағаш өңдеу (ыдыс-аяқ жасау).[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Белдемшесі бар дәстүрлі көйлек киген мангиан адамы. 1904

Неке алдында әртүрлі ережелер мен рәсімдер бар, соның бірі сыбызғы сүйемелдеуімен айтылатын ерлердің әні. Егер әйел бұл әнге әнмен жауап берсе, онда келісім алынды, дегенмен ата-ананың келісімін алу керек. Еркек пен әйел түнді бірге өткізгеннен кейін олар ерлі-зайыптыларға айналады. Ер адам әйелінің үйіне тұруға барады, өйткені үйін тұрғызбас бұрын ол әйелінің отбасына қарызын өтеуі керек (себебі ол олардың жұмысшысын алып кетті). Ақшасы болса, төлей алады. Ата-анасының келісімін алғаннан кейін ғана жастар өз үйлерін сала алады.[6]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдары шағын және жинақы. Солтүстік мангиандардың дәстүрлі баспанасы – шатыр, күрке болса, оңтүстік мангиандар қадалы үйлерде тұрады, дәліздері астық қоймасы ретінде пайдаланылады. Үйлері негізінен ағаш пен бамбуктан салынған, шатыры сабанмен жабалған.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік мангиандардың ерлер мен әйелдердің дәстүрлі киімдері – белдік, ротаннан жасалған алжапқыш. Оңтүстік мангиандарда ерлердің киімі - тар шалбар және кең көйлек, пальма жапырақтарынан жасалған конустық қалпақ, әйелдердікі - саронг, қысқа көкірекше. Ерлер мен әйелдердің шаштары ұзын, олар ленталармен, шарфтармен байланған. Мангиандар ротаннан, құс қауырсынынан, гүлдерден (моншақ, сырға, алқа, білезік) жасалған көптеген әшекейлер тағады.[8]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөністер, тәтті картоп, жүгері, банан, кокос жаңғағы, убе тамыры, жеміс, балық. Мереке күндері - шошқа және тауық еті.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мангиан. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  2. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  3. Мангиан сөзінің мағынасы. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  4. Мангиан. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  5. Әлем халықтары/Мангиан. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  6. Филиппин: Мангианның соңғысы. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  7. Мангиан. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.
  8. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 321. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  9. Мангианның соңғысы немесе таңғажайып Филиппин тайпаларының бірі қалай өмір сүреді. Тексерілді, 26 қыркүйек 2024.