Пуми (халық)
Пуми | |
пуинми, пужими, пэйми | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
50 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Пуми (пуинми, пужими, пэйми) — Сычуань және Юньнань провинцияларында тұратын Қытай халқы, саны 50 мың адам.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар қытай-тибет тілдері отбасының тибет-бирман тобындағы цян тобына жататын пуми тілінде сөйлейді. Сонымен қатар қытай және тибет тілдері де таралған. Бір-бірінен күрт ерекшеленетін екі диалектісі бар - оңтүстік және солтүстік. Пумилардың ертедегі жазуы тибет жазуына негізделді, бірақ оның көп қолданылмағандығына байланысты бүгінгі күні қытай жазуы қолданылады.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігінде анимизмді қолданады. Шағын бөлігі ламаизм мен даосизмді мойындайды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пуми - біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырға жататын ежелгі халық. Пумилер Цинхай-Тибет үстіртінің аумағында көшпелі өмір сүрген ежелгі Дицян тайпаларынан шыққан деп есептеледі. Уақыт өте келе пумидің ата-бабалары оңтүстікке қарай қолайлы аймақтарға көше бастады. VII ғасырда пуми Сычуаньның оңтүстік-батысына қоныс аударды, онда олар Сичан ауданының басым халқына айналды. Бірнеше ғасырдан кейін пумидің бір бөлігі моңғолдардың артынан Юньнанның солтүстік-батысына қоныс аударды, онда ұлттың дамуы мен нығаюы үшін ең қолайлы жағдайлар табылды.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі – егіншілік, негізінен (жүгері, арпа, сұлы, қарақұмық), мал шаруашылығы (ешкі, сиыр, жылқы, шошқа), құс шаруашылығы, ара шаруашылығы. Тұрмыстық қолөнерден – үй қолөнері өнімдері, құрал-саймандар, бамбуктан өру, тоқу т.б.дамыған.[4]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі отбасы үлкен, патриархалдық, қазіргі отбасы шағын. Дәстүрлі қоғамда моногамия басым болды, бірақ кейбір ірі жер иелері көп әйел алуды ұстанды. Туысқандық некелер болып, тұрмыс құру қыздарда 15 жас, ал ер адамдарда 18 жас болды.[5]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдағы үйлер таудың баурайында орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлер әдетте екі қабатты (төменгі қабаты малға арналған, үстіңгі қабаты тұрғын үй), қабырғалары мен шатыры ағаштан жасалған. Бөлменің ортасында ошақ орналастырылған.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерлер киімі – шалбар және ұзын күрте, қалпақ немесе сәлде, әйелдер киімі – кең белдемше, күртеше, белдік.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағам – ботқа, жұқа нан.[8]
Фольклоры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пумилер - жақсы бишілер мен әншілер. Үйлену тойларында, мерекелерде ән байқауы өткізіледі. Флейтада биде даладағы, аңшылықпен немесе тоқумен байланысты қимылдарды тануға болады. Мерекелерде, әсіресе, жаңа жылда ат жарысы, арқан тартыс, балуан күресі өткізіледі. Халық ауыз әдебиеті бай және алуан түрлі: ертегілер, әндер, билер, т.б.[9]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Пуми (халық)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Пуми халқы. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ Пуми сөзінің мағынасы. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ Пуми. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ Пуми халқы. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ Пуми. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ Пуми халықы. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 430. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Әлем халықтары/Пуми. Тексерілді, 29 қазан 2024.
- ↑ Пуми. Тексерілді, 29 қазан 2024.