Адығтар
Адығтар | |
Черкестердің ұлттық туы | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
2,5 млн.адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Түркия |
1,5 млн. |
Ресей |
718 727 (2010) |
Иордания |
241 000 |
Сирия |
55 000 |
Ирак |
39 000 |
Тілдері | |
адығ тілі | |
Діні | |
сүннит бағытындағы ислам |
Адығтар (черкестер) — Солтүстік Кавказдағы ежелгі туыстас тайпалардың ортақ атауы. Ортағасырлық Еуропа және Шығыс әдебиеттерінде шеркес деген атпен белгілі. Адығтарға жататын қазіргі кавказ халықтары — адыгейлер, қабардалар және шеркестер. Негізінен Қарашай-Черкесияда, Ставрополь, Краснодар өлкелерінде, Кабардин-Балқар және Адыгеяда, сонымен қатар Израильде, Египетте, Сирияда және Түркияда тұрады. Әлемде шамамен 2,7 миллион черкес (адық) тұрады. 2010 жылғы халық санағы бойынша Ресей Федерациясында шамамен 718 000 адам болды.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар кавказ тілдері тобының солтүстік-батыс (абхаз-адыгей) тармағында сөйлейді. Материалдық және рухани мәдениеттерінде ұқсастықтар көп. Жазуы кириллицаға негізделген.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сүннит бағытындағы ислам.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адығтар тайпалары ертеден Солтүстік Кавказдың оңтүстік-батысы мен Қара теңіз жағалауын мекендеп келеді. Кубань бойындағы тайпалар ежелгі жазбаларда меот деген жинақтаушы атпен берілсе, Қара теңіз жағалауындағылары өз атауларымен көрсетіледі. Бұлардың ішінде зихи мен керкеттер этнонимі кейінірек жинақтаушылық мәнге ие болған. Зихилар шамамен 5 ғасырда (10 ғасырларға дейін тіршілік етті) адығтар тайпалары одағын құрды. 10 ғасырдан бастап адығтар орыс жылнамаларында — касогтар, ал шығыс (араб және парсы) жазбаларында — кашактар, кешектер (“к-ш-к”) деп аталған. Моңғолдар жаулап алғаннан кейін (13 ғасырда) батыс әдебиетінде “зихи” термині сақталғанына қарамастан, адығтарды шеркес деп атау белең алды. 13-14 ғасырларда адығтардың бір бөлігі алғаш аландар мекендеген Терек өзенінің бойына жылжыса, басым бөлігі моңғол басқыншылығы салдарынан тауға ығысты; өз жерінде қалғандары жергілікті тайпалармен араласып кетті. Осылайша кабарда халқы құралса, ежелгі адығтар тайпаларынан — адыгей халқы қалыптасты.[1]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адығтар (черкестер) ежелден егіншілікпен айналысып, жүгері, арпа, тары, бидай егіп, көкөніс егумен айналысқан. Егін жинағаннан кейін бір бөлігі әрқашан кедейлерге бөлініп, артық қорлар базарға сатылды. Олар омарташылықпен, жүзімшілікпен, бау-бақшамен айналысты, асыл тұқымды жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді. Қолөнердің ішінде қару-жарақ пен ұсталық, мата тоқу, киім тігу ерекше орын алды, оңтүстік бөлігінде ағаш өңдеумен айналысқан.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адығтар (черкестер) фольклоры өте алуан түрлі және бірнеше саладан тұрады: ертегілер мен аңыздар, мақал-мәтелдер, әндер, жұмбақтар т.б. Барлық мерекелерде билері ерекше орын алды. Ең танымалы лезгинка, удж хаш, кафа. Ауызша халық шығармашылығының негізгі жанрларының бірі – батырлық эпос. Ол батырлар мен олардың шытырман оқиғалары туралы аңыздарға негізделген.
Адығтар (черкестер) асқа әрқашан құрметпен және ризашылықпен қараған, шарап пен шошқа етін пайдаланбайды. Қой, сиыр және құс етінен жасалған тағамдар негіз болып табылады. Черкес дастарханындағы ең танымал жарма - жүгері. Мерекелердің соңында қой немесе сиыр етінің сорпасы беріледі Халықтың тағамдары жаңа піскен және нәзік ірімшігі (адыгей ірімшігі) - латакайымен танымал. Пияз бен ұнтақталған қызыл бұрышпен майға қуырылған кояж - ірімшігі де өте танымал. Ашарык тағамы бұршақ пен інжу арпа қосылған кептірілген еттен жасалған сорпа. Оған басқа, черкестер шорпа, жұмыртқа, тауық, көкөніс сорпаларын пісіреді. Сусындарынан шай, сүт сусыны кундапсо, алмұрт пен алмадан жасалған түрлі сусындар танымал.[2]
Қазақстандағы адығтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандағы адығтар (черкестер) тобының саны: 1999 жылғы мəліметтер бойын-ша 182 адам, 2009 жылғы мəліметтер бойынша 111 адам.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
- ↑ Наталия Котоман. Черкесы (адыгэ) — великодушный и воинственный народ https://travelask.ru/articles/cherkesy-adyge-velikodushnyy-i-voinstvennyy-narod
- ↑ ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 169-бет. ISBN 978-601-287-224-8
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |