Мазмұнға өту

Азаматтық бастамалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Азаматтық бастамалар — азаматтардың мүдделерін шектеп, қысым жасаған билік органдарының өктемдігіне қарсы шығу немесе өзара көмек жасау үшін ұйымдастырылған ұжымдық белсенділіктің, азаматтық бастамашылықтың көрінісі. Ол тұрғын үйге, қала мен ауылдың дамуына, қатынас, көлік, білім беру ісіне, денсаулық сақтауға, экологияға қатысты және т.б. мәселелерді шешу мақсатымен адамдардың өз еріктерімен құрылады. Оған ұйтқы болған азаматтық топтар, бастама көтерушілер әртүрлі жиындар, шерулер ұйымдастырып, қол қойдырып, үндеулер таратып, барынша көп адам қамту арқылы билік органдарына қысым жасауға тырысады. Азаматтық бастамаларда көтерілген мәселелер шешілмесе, ол ауқымды демократиялық қозғалысқа ұласуы мүмкін.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том