Мазмұнға өту

Алхоры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алхоры
Алхоры
Алхоры
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Тегі: Алхоры

Алхорыраушангүлділер тұқымдасына жататын, жемісі сүйекті бұта және ағаш тәрізді өсімдік. Еуропада, Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, Шығыс және Орта Азияда өседі. Ағашынан 40-100 кг-ға дейін өнім алынады. Жемісінен тосап, сусын, шырын, шәрбат және т.б. дайындалынады.[1] Құмдақ, жақсы ылғалданған, қызыл-қоңыр топырақты ыңғайлы көреді. Диқандар оны телімдеу, көзбақтау, балапан бұтақшалар, көзқалемшелер әзірлеу әдістері арқылы өндіріп, өсіреді.

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алхоры – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алхорының құрамында су, қант, пектиндік заттар, өзектер, органикалық қышқылдар, В1, В2, РР, С,А дәрумендері, сонымен қатар натрий, калий, магний, фосфор, йод, мыс, мырыш сияқты минералды заттар бар, әсіресе, темірге бай. Және де алхорыда Е дәрумені шие, апельсин, мандарин, алмұрт жемістеріне қарағанда көбірек болады. Алайда С дәрумені аз, бірақ бұл оның пайдалылығын кемітпейді. Өйткені құрамында Р дәрумені көп, ол қан қысымын түсіруге және қан тамырларын нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар алхорының құрамында темір көп болғандықтан, ағзаны темірмен қамсыздандырушы деп атауға болады. Темір – қан аздықтың алдын алу және емдеу үшін қажет. Алхоры ағзаны холестериннен тазалауға жақсы көмектеседі. Кептірілген алхорыны ішті жүргізуге, несеп айдағанға қолданады. Алхорыдан компот, шырын, тосап, қақ жасайды.

Алхоры туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мекен еткен Мысырды,

Ұнатпайды қысыңды.

Ерте гүлдеп алхоры,

Сәл суыққа үсінді.

Бүйректі емдер адамдар

Дәрі жасап дәнінен.

Шыдамайды суыққа,

Өзгелерден нәзіктеу.

Алхоры 10-15 жыл жеміс береді. Алхорыны тұқымнан және вегативті тәсілмен – қаламшалау, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызылғаннан кейін сұрыпына қарай 2-7 жылдан бастап жеміс бере бастайды. Бір ағашы 100 кг-ға дейін жеміс беретін түрлері бар. Алхоры желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Қырқу жұмыстарын жапырақтары шыққан кезде жүргізеді. Құрғақшылыққа шыдамсыз. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1