Мазмұнға өту

Анаксимандр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Анаксимандр
Жалпы мағлұмат
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Туған жері

Милет қаласы, Иония

Қайтыс болған күні

б.з.д. 546ж.

Азаматтығы

Иония

Ұлты

Грек тілді

Шығармашылығы
Шығармалардың тілі

Көне Грек тілі

Мектеп/дәстүр

Милет Мектебі

Бағыты

Натурализм, Космоцентризм, Логоцентризм

Кезең

Сократқа дейінгі кезең, Антикалық философия

Негізгі қызығушылығы

Астрономия, Метафизика, Геометрия, География, Билогоия

Негізгі пікірі

Апейрон (шексіздік); Архэ (түпнегіз); Эвалюция; Жер шары, күн және ай туралы идеялар; Төрт элемент; Әділет

Ықпалды жалғастырушылар

Сократқа дейінгі философтардың көбі, Анаксимен, Пифагор, Демокрит, Грек астрономдары

Анаксимандр (Ἀναξίμανδρος,б.з.д.611-546жж.) — Иония мемлекетінің (Қазіргі Түркия жерінде) Милет қаласынан шыққан ежелгі грек философы, еуропалық мәдениеттегі тұңғыш жаратылыстану ғалымы, Грекияда тұңыш жершары картасын сызушы. Сократқа дейінгі ғарыштық философияның (космоцентризм) әйгілі өкілі. Praxiades-тің баласы, 42 кезекті Олимпиада кезінде туылып, 58 кезекті олипияда кезінде қайтыс болған. Анаксимандр Фалестің шәкірті, ал Фалес өз заманында жеті әулиенің бірі деп құрметтелген тұңғыш еуропалық ойшыл есептеледі. Анаксимандр шәкірттері әйгілі Анаксимен болды. Кейбір деректерге қарағанда Пифагор да Анаксимандрдың шәкірті есептеледі. Ол "Табиғат жөнінде" атты грек тарихындағы түңғыш ғылыми шығарма жазған деген дерек бар, аталған шығармадан тек кейбір тамтықтары ғана бүгінге жеткен. Ол өз өмірінде Милет қаласының бір отарланушы елін басқарған деген де дерек бар.

Ғылыми идеялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Анаксимандрдың ғарыш картасы (Жер, жұлдыз, ай, күн)

Анаксимандрдың ғұламалық болмысынан ежелгі заманның ғылымға деген саф құштарлығы көрініс тапқан. Анаксимандр алдымен көп түрлі дүние өмір сүретіні туралы айтты. Яғни, көп түрлі дүние бар, біз өмір сүріп отырған дүние сол көп дүниенің тек біреуі ғана деп түсіндірді. Бұл плюрализмдік пікір ғарыштың ұланқайырлығы мен алуандылығына қаратылса керек.

Ол ең алғаш жершары картасын сызды, жерді дискке ұқсас деп есептеді, күнді жер секілді нәрсе, бірақ ол жерден 28 есе үлкен деп мөлшерледі.

Сондай-ақ Анаксимандр айды үлкен бір тас деп есептеп, ай өзінен жарық шығармайды, оның жарығы күнге шағылысудан пайда болған деп есептеді. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жер сүйір дискі пішінде ғаламның ортасында салбырап тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және жұлдыз сақиналары айналып жүреді.

Анаксимандр сызған жер шары картасының нобайы

Анаксимандр нақылы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анаксимандрдың ≤Табиғат туралы≥ кітабынан бірнеше ауыз сөз бізге жеткен. Бұл туралы М.Хайдеггер "Анаксимандр нақылы" делінетін арнаулы мақала жазған. Аталған сөздің бірнеше түрлі аудармасы кездеседі. Ең жалпылық мағынадағысы:

Дүние неден пайда болса, ақыр-соңы соған қайтады,
бұл жазмыш. Өйткені, ғалам уақыт тәртібіне орай өмір
сүреді, өзара әділетсіздігін жазамен толықтырады.

Әділет ұғымы мейлі әлем үшін де, мейлі грек діні мен философиясы үшін де айырықша маңызға ие екені белгілі. Қазіргі заман адамы әділет ұғымын ежелгі мәдениеттер бойынша түсіне алады деу қиын. Анаксимандрдың идеясына негізделгенде, дүниедегі от, су, ауа, топырақ белгілі бір әділетті мөлшерде сақталады, бірақ олардың әрбіреуі өзінің іргесін кеңейтуге, басқа элементтерді қосып алуға тырысады. Бірақ бәрін басып түсетін табиғи қажеттілік заңы оларды бейберекет жібермей, олар ортасында негіздік тепе-теңдік сақтатқызып тұрады. От қана болса бәрі күлге айналады, бірақ күл деген топырақтың басталуы. Бұндай тепе-теңдіктің сақталуына негізделген әділет көзғарасы - дүние қанша қопарыла кеңейсе де, қусырыла тарылса да мәлім бір шектен шығып кетпейді деген сенімге ие етеді. Грек ұлты дәл осындай сенімге сенген. Ғалам өмір сүруінің бірінші ерекшелігі Әділет, тек әділет арқылы ғана ол тұрақты, баянды сақталады, ал егер ол әділетсіздік танытса, әлемнің ақырласуына алып барады. "Уақыт тәртібіне" бағынатын дүние әділетсіздікті жазамен толықтырып, өз-өзін түзетіп отырады. Бір қызығы, гректер көптеген жамандықтардың басын Құдайлардың әділетсіздігінен бастауы тегін емес, мысалы Троя соғысын адамдар емес, Құдайлар келтіріп шығарды деп түсінген.

Анаксимандр өз дәлелді уәжі бойынша Архэ бұл су емес, басқа элемент те емес, өйткені олардың біреуі болса, онда ол басқаларын бойұсындырып, әділетсіздік басталады. Ол төрт элемент - су, от, ауа, топырақ өзара қайшылықты болады деп түсінгені туралы Аристотель жазып қалтырған. Ауа суық, су дымқыл, от ыстық, топырақ құрғақ. Егер олардың біреуі үстем болса, басқасы да, әлем де өмір сүрмейді, сондықтан бұл төрт элемент ортасындағы салыстырма белгілі шектен шығып кетпеуі керек. Демек әлемді сондай шектен шығармай тұрған бір күш бар, ол әділет күші демекші.

Анаксимандр бойынша, әлемде мәңгілік қозғалыс бар. Қозғалыс барысында барлық нәрселер біртіндеп, ілгері-кейін пайда болды. Әлемді әлдебір құдіретті Ие жасап шығарған жоқ, өзгерістен келген. Хайуандар да, тіпті адам да өзгеріп келген. Дымқылдық күннің әсерінде жылығанда, одан тірі организмдер пайда болды. Адам басқа хайуандар секілді балықтан өзгеріп келген.

Апейрон = Шексіздік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фалес тұңғыш рет дүние дегеніміз біртұтас, оның бір бастауы бар деп, есептеп, бұл бастауды Су дегені белгілі. Бірақ ол су қалай дүниені қалыптастыратыны туралы айтпаған, немесе айтса да бізге жетпеген. Ал, Анаксимандр дүниенің басталуын айтып қана қоймай, оның қалай ғарышты қалыптастырғаны туралы өзіндік қиынды уәж келітрген. Әсіресе ол ұстазы Фалес секілді нақты зат (су, ауа деп атамай, біршама дерексіз "шексіздік" ұғымын қолдануына қарап онда философиялық біртұтас логикалық ойлау болғанын байқаймыз. Шексіздік мәлім нәрсе емес, әрбір нәрсенің мәлім бір ортақтығын көрсетуі де мүмкін, демек бұл философиялық абстракцияның басталуы болды.

Анаксимандр өмір сүруші нәрсенің бастапқы негізі — "архе" ("Түпнегіз", "Түпнұсқа", "Тұқиян") ұғымын енгізді және Апейронды (apeiron - шексіздік, ἄπειρον) осы бастапқы түпнегіз деп есептеді. Апейронды ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық от ретінде көрініс табады, суық аспан мен жерге айналады. Апейронда басталу жоқ, ақырласу да жоқ, барлық нәрсе содан пайда болады, соған қайтады. Қайту деген жоғалу емес, ыдырап апейронға қайту, пайда болу деген жоқтан бар болу емес, бірігіп, апейроннан мәлім нәрсеге айналу. Ол материяның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет өз логикасы бойынша жорамалдап түсіндірді деуімізге жеткілікті негіз бар.

Анаксимандр (Афина Мектебі) Рафаэль Сантиден
Анаксимандр (Афина Мектебі) Рафаэль Сантиден

Тіршілік тіршілігін судан бастаған

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анаксимандр тарихта тұңғыш рет эволюция ілімін ұсынды: адам — басқа да тіршілік иелері сияқты балықтан өзгеріп келген. [1] Тіршілік алғашында суда өмір сүрген, біртіндеп жағалауға шығып, біртіндеп құрылыққа бейімделген деген идеяның артында тіршілік түрлері бір күнде осындай бола қалған жоқ, олар ортаға қарай баяу өзгеріп отырған деген эвалюция ілімі жатыр. Ол адам баласы кішкене кезінде өте әлжуаз, орнынан тұра алмайды, егер алғашқы адам бар деп есептесек, ендеше ол бала кезінде өліп қалар еді, демек, адам бір күнде адам болмаған, ол ұзақ заман балық секілді суда жүзіп жүрді, біртіндеп құрылыққа шыққан дегенді ұстанады. Денесінің 72% судан құралған адам баласының суға қатысына қарата қазіргі замандық мына екі ғылыми дәлелді келітре кетсек қате болмас: 1. Адам баласын 1-4 айлық эмбрион кезінде оның желбезегі болады, тек кейін біртіндеп жоғалып кетеді екен. 2. Жаңа туыла қалған бала суда жүзуді тума біледі екен. Бұл мәселеге адамның тума қабілеті туралы зерттеулер болашақта дұрыс жауап беретін болар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Тақырыпқа пайдалы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анаксимандр (Британ Энциклопедиясы)
Ежелгі Грек ойшылдары туралы кітаптар

  1. "Anaximander". Encyclopædia Britannica Online.
  2. "Anaximander" in Chambers's Encyclopædia. London: George Newnes, 1961, Vol. 1, p. 403.
  3. Park, David (2005) The Grand Contraption, Princeton University Press ISBN 0-691-12133-8
  4. Sagan, Carl (1985) Cosmos, Ballantine Books, ISBN 0-345-33135-4, pg 143–144.
  5. This character is traditionally associated with Boethius, however his face offering similarities with the relief of Anaximander (image in the box above), it could be a representation of the philosopher. See http://www.mlahanas.de/Greeks/SchoolAthens2.htm Мұрағатталған 14 ақпанның 2007 жылы. for a description of the characters in this painting.
  6. a b Hippolytus, Refutation of All Heresies (I, 5)
  7. In his Chronicles, as reported by Diogenes Laërtius, Lives and Opinions of Eminent Philosophers (II, 2).
  8. Richard D. McKirahan, Philosophy before Socrates, Ch 5, 32–34
  9. C. Mosse (1984) La Grece archaique d' Homere a Eschyle. Edition du Seuil. p236
  10. C. M. Bowra (1957) The Greek experience. World publishing Company. Cleveland and New York. p168,169.
  11. Herbert Ernest Cushman claims Anaximander has "the first European philosophical conception of god", A beginner's history of philosophy, Volume 1 pg. 24