Мазмұнға өту

Барбара Лисков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Барбара Лисков
Барбара Джейн Губерман
Туған күні

7 қараша 1939 (1939-11-07) (85 жас)

Туған жері

Лос-Анджелес, Калифорния

Азаматтығы

АҚШ

Ғылыми дәрежесі

Доктор

Несімен белгілі

CLU, Argus тілдерінің негізін қалаушы

Сайты

http://www.pmg.csail.mit.edu/~liskov/

Барбара Лисков(ағылш. Barbara Liskov, шын есімі Барбара Джейн Губерман - Barbara Jane Huberman, 7 қараша 1939 жылы туған)[1]IT саласындағы белгілі маман, Массачусетс технологиялық институтындағы инженерлік мектебінің электротехника және информатика бөлімінің профессоры, АҚШ-та информатика саласында PhD дәрежесін алған алғашқы әйелдердің бірі және 2008 жылғы Тьюринг сыйлығының иегері.[2]

Барбара Джейн Лисков 1939 жылы 7 қарашада Калифорниядағы Лос-Анджелесте дүниеге келген.[3] Ата-әжелері баяғы Ресей империясынан көшіп келген. Барбара - әкесі Джейн мен анасы Мозес Хуберманның төрт баласының тұңғышы.[4] 1961 жылы Беркли Калифорния университетінде физика-математика саласындағы оқуын аяқтап, бакалавр дәрежін алды. [5] Оқу кезінде оның тек 1 қыз құрбысы болған, себебі оқуға қыз балалардың қабылдануы қиын болатын.[6] Беркли мен Принстон университетіндегі математика саласында оқуға білімін шыңдау мақсатында құжат тапсырады. Алайда Принстон математика бойынша қыз студенттерді қабылдамағандықтан, оқуын тастап Бостонға көшеді. Митре корпорацисында және Гарвард университетінде жұмыс істеді.

1968 жылы Стэнфорд университетінің информатика факультетіндегі оқуын аяқтап, АҚШ-тағы PhD докторы дәрежесіне ие болған алғашқы әйелдердің бірі болды. Стэнфордта Джон Маккартимен жұмыс істеп, оған жасанды интеллектте жұмыс істеуге қолдау көрсетілді. Оның дипломдық жұмыс ретіндегі диссертациясы шахмат ойындарын ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама жасау болды.

1972 жылы Барбара Лисков Митреге ғылыми қызметкер ретінде қайта оралады. Лисков көптеген маңызды жобаларды басқарды. Оның ішінде Venus операциялық жүйесі және интерактивті уақыт бөлу жүйесі секілді жобалар болды. Ол Byzantine ақауларына төтеп беретін есептеулерге бағытталған қазіргі MIT-дегі Бағдарламалау Әдістемесі тобын басқарады. Барбара Лисков 1970 жылдары CLU және 1980 жылдары Argus деген екі бағдарламалау тілін дамытты.[7]

Мүшелік етуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2002 жылы ол MIT-тің әйел оқытушылар құрамына және АҚШ-тағы ғылым салалары бойынша ең үздік 50 оқытушы қатарына енді.[9] 2004 жылы Барбара Лисков бағдарламалау тілдеріне қосқан үлесі үшін John von Neumann медалін жеңіп алды. 2005 жылы 19 қарашада Есептеу Техникасы Ассоцияциясының құрметті докторы ретінде марапатталды. Барбара Лисков 2009 жылы наурызда бағдарламалау тілдері мен бағдарламалық қамтамасыз ету әдістемесін жасаған жұмысы үшін ЕТА-ның 2008 жылғы Тьюринг сыйлығын алды.[10] 2012 жылы ол National Inventors Hall of Fame-ге енгізілді.[11]

Сыртқа сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Karagianis, Liz. Top Prize, MIT Spectrum (Fall 2009).
  2. John Timmer ACM gives Turing award to OOP, distributed computing pioneer  (ағыл.). Ars Technica (10 March 2009). Тексерілді, 19 наурыз 2019.
  3. Karagianis, Liz. Top Prize, MIT Spectrum (Fall 2009).
  4. Jane Siegel: Obituary (January 24, 2010). Тексерілді 18 қарашаның 2014.
  5. D'Agostino, Susan The Architect of Modern Algorithms  (ағыл.).
  6. Barbara LISKOV - History of Scientific Women
  7. Liskov, B.. "Distributed programming in Argus". [Communications of the ACM] 31 (3): 300–312. 
  8. Dr. Barbara H. Liskov  (ағыл.)
  9. MIT's magnificent seven: Women faculty members cited as top scientists (5 Nov 2002). Тексерілді 29 қазанның 2012.
  10. John Timmer ACM gives Turing award to OOP, distributed computing pioneer  (ағыл.). Ars Technica (10 March 2009). Тексерілді, 19 наурыз 2019.
  11. Spotlight | National Inventors Hall of Fame. Invent.org (21 қараша 2013). Тексерілді, 31 мамыр 2016.