Мазмұнға өту

Борыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Борыш (ағылш. debt, liability, arrears; — этиканың маңызды категорияларының бірі, индивидтің өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Борыш — ар өлшемі, адамгершіліктің жоғарғы талабы. Оған мағынасы жақын ұғым — парыз. Борыш ұғымы кісілік қасиеттер мен адамгершіліктің жалпы ережелерін орындаумен тікелей байланысты ізгілікті жамандықтан айыру қажеттілігінен туындайды. Борыш — кәсіби этиканың негізгі категориясы (жауынгерлік, дәрігерлік, ұстаздық, құқық қорғау қызметкерлерінің Борыштары, т.б.) Әдептанудың Борыш туралы тарауы деонтология деп аталады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том