Британдық Колумбия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Канада провинциясы
Британдық Колумбия
ағылш. British Columbia

Британдық Колумбия
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Канада

Кіреді

Батыс Канада

Әкімшілік орталығы

Виктория

Премьер-министр

Джон Хорган

Лейтенант-губернатор

Джанет Остин

Тарихы мен географиясы
Координаттары

54°00′00″ с. е. 125°00′00″ б. б. / 54.00000° с. е. 125.00000° б. б. / 54.00000; -125.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°00′00″ с. е. 125°00′00″ б. б. / 54.00000° с. е. 125.00000° б. б. / 54.00000; -125.00000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

20 шілде 1871

Жер аумағы

944,735 км² (9,5 %, 5 орын)

Биіктігі
· Ең биік


4663 м

Уақыт белдеуі

UTC−8:00

Ірі қаласы

Ванкувер

Экономикасы
ЖІӨ
· орын

CA$249.981 млрд (2015)
4 орын

Тұрғындары
Тұрғыны

5,000,879[1] адам (2021)(13,1 %, 3 орын)

Тығыздығы

5.41 адам/км²

Ұлттық құрамы

Ағылшындар 26.39%
Канадалықтар 19%
Шотландтықтар 18.88%
Ирландықтар 14.80%
Немістер 13.23%

Ресми тілі

ағылшын

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

CA-BC

Телефон коды

236, 778, 250 және 604

Пошта индекстері

BC

Интернет-үйшігі

.bc.ca

www2.gov.bc.ca

Британдық Колумбия Ортаққорда Координаттар: 54°00′00″ с. е. 125°00′00″ б. б. / 54.00000° с. е. 125.00000° б. б. / 54.00000; -125.00000 (G) (O) (Я)

Британдық Колумбия (БК) (ағылш. British Columbia (BC) [ˌbrɪtiʃ kəˈlʌmbiə]) — Канаданың батысында, Тынық мұхитының жағалауында орналасқан провинция, 1871 жылы конфедерацияның құрамына қосылған алтыншы провинция.

Британдық Колумбияның астанасы — Виктория қаласы, көлемі бойынша Канаданың он бесінші муниципалдық ауданы. Ең ірі қаласы — Ванкувер, көлемі жағынан Канаданың үшінші мегаполисі және Тынық мұхитының солтүстік-батысындағы екінші. 2016 жылғы мәлімет бойынша провинцияның халық саны 4,648,055 құрады (екі миллионға жуығы Үлкен Ванкуверде тұрады). Британдық Колумбия провинциясының премьер-министрі — Джон Хорган.

Британдық Колумбияның экономикасы табиғи ресурстарға негізделген. Бұл трансқұрлықтық көлік және темір жол жолдарының соңғы нүктесі, осы жерде белсенді халықаралық тауар айналымды жүргізуге мүмкіндік беретін Тынық мұхитының ең ірі порттары орналасқан. Тек қана 5 %-дан аз жері ғана егістікке жарамды болса да, өзінің қолайлы климатының арқасында провинцияда дамыған ауыл шаруашылығы бар, әсіресе Фрейзерде және Окаган алқабында. Климат табиғат аясындағы демалыс пен туризмнің дамуына ықпал етеді, бірақ баяғыдан провинцияның экономикасының тірегі ағаш өңдеу мен пайдалы қазбаларды табу.

Сөз төркіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1858 жылы Британдық Колумбия колониясы британдық болғанда, провинцияның атауын Виктория патшайым таңдаған болатын.[2] Провинция атауы өзінің бастауын Британдық Колумбияның оңтүстік-шығысынан алатын Колумбия өзенін бойлап орналасқан Колумбия ауданынан пайда болды. Британдық Колумбия деген атау Орегон келісіміне дейін Гудзон Шығанағы компаниясына тиесілі болды. Виктория патшайым Британдық Колумбия деген атауды 1848 жылы орнатылған келісімнен кейін Орегон штатының құрамына қосылған АҚШ-тағы Колумбия округінен («Америкалық Колумбия» немесе «Оңтүстік Колумбия») ажырату үшін таңдады.[3]

Британдық Колумбияның географиясы оның физикалық рельефінің алуан түрлілігімен және қарқындылығымен ерекшеленеді, ол отарлау кезеңінен бастап қоныстану мен өнеркәсіптің заңдылықтарын анықтады.

Британдық Колумбия солтүстігінде Юконмен және Солтүстік-Батыс территорияларымен, шығысында Альбертамен, оңтүстігінде АҚШ-тың Вашингтон, Монтана, Айдахо штаттарымен шектеседі. Батысында провинция жері Аляска штатымен шектеседі және Тынық мұхитының суын жағалайды. Провинцияның жер аумағы — 944,735 км² немесе 364,800 квадрат миль (Канада бойынша бесінші орын), Британдық Колумбияның жағалау сызығы 27,000 километрге (немесе 17,000 мильге) созылған, Британдық Колумбияның құрамында 6,000 жуық арал бар, олардың көбісін елсіз аралдар құрайды. Бұл Тынық мұхитымен шектесетін Канаданың жалғыз провинциясы. Провиинцияның 12,5 %-ын қорғалатын аумақтар алып жатыр.

Британдық Колумбияның астанасы - Ванкувер аралының оңтүстік-шығысында орналасқан Виктория қаласы. Ванкувер аралының тек Кемпбелл өзенінен Викторияға дейінгі тар жолағы едәуір қоныстанған. Ванкувер аралының батыс бөлігі және жағалаудың қалған бөлігі қоңыржай белдеуінің тропикалық ормандарымен қапталған.

Провинцияның ең көп қаныстанған қаласы - Ванкувер қаласы, ол Фрейзер өзені мен Джорджия Бұғазының түйіскен жерінде, материктің оңтүстік-батысында (көбінесе Төменгі материк деп аталатын) аймақта орналасқан. Жер аумағы жағынан Абботсфорд ең үлкен қала. Вандехуф провинцияның географиялық орталығына жақын орналасқан.[4]

Outline map of British Columbia with significant cities and towns.
Британдық Колумбияның маңызды қалалары мен елді мекендері бар контурлық картасы.

Жағалау жоталары және Пассаждың ішкі кіреберістері Британдық Колумбияның кейбір әйгілі және керемет көріністерін қамтамасыз етеді, олар ашық аспан астындағы шытырман оқиғалар индустриясын және экотуризмді дамытады. Провинцияның 75%-ын биіктігі 1000 метрден (3300 футтан) асатын таулы аймақтар; 60%-ын орманды аймақтар алып жатыр, және тек 5%-ы егістікке жарамды жерлер.

Жағалау аудандарынан алыс орналасқан құрлық аймақтарын Тынық мұхиты жұмсақтатады. Жер бедері құрғақ ішкі ормандардан және жартылай құрғақ аңғарлардан Орталық және Оңтүстік аймақтарында орналасқан жоталар мен шатқалдардан, Солтүстік ішкі аймақтарындағы бореалды ормандар мен субарктикалық прериялардан тұрады. Солтүстіктегі де, оңтүстіктегі де биік таулы аймақтар субальпілік флорасы[5] және субальпілік климаты бар.

Верноннан АҚШ шекарасындағы Осоайосқа дейінгі Оканаган шарап аймағы - Канададағы бірнеше шарап және сидр өндіретін аймақтардың бірі. Британдық Колумбияның басқа шарап аймақтарына Ванкувер аралындағы Ковичан алқабы және Фрейзер алқабы жатады.

Оңтүстік ішкі Камлупс және Пентиктон қалаларында Канададағы ең жылы және ең ұзақ жазғы климаты бар. Солтүстік, әсіресе таулы аймақтар немесе провинцияның үштен екі бөлігінде адамдар көп қоныстанбаған және игерілмеген. Ванкувер аралының батыс бөлігі және жағалаудың басқа бөліктері тайга ормандарымен қапталған. Бірнеше оңтүстіктегі аңғарларда анда-санда қар жауатын, көп созылмайтын қыс бар. Солтүстіктегі аңғарларда суық климат бар.

Британдық Колумбиядағы Кёппен климат түрлері
Ванкуверден алыс емес орналасқан Джорджия бұғазы

Тынық мұхитының солтүстігін кесіп өтетін Куросио жылы ағысының ықпалынан провинцияның жағажай аймақтарында жылы, жаңбырлы теңіз климаты бар. Таулы жоталар ылғалды ауаны ұстап тұрғандықтан провинцияның ішкі аймақтарында құрғақ климат бар, кейбір жерлерде жылына 250 мм-нан кем жауын-шашын түседі. Провинцияның көп қоныстанған аймақтарындағы орташа жылдық температура — 10 °C жоғары, бұл Канаданың кез-келген басқа нүктесіне қарағанла жылы. Ванкувер аралында орналасқан Хендерсон көліне жыл сайын орташа есеппен 6,903 мм жауын-шашын жауады. Викториядағы орташа жылдық температура 11.2 °C (52.2 °F) құрайды, Канададағы ең жоғарғы температура.

Провинцияның ішкі және солтүстік аймақтарында қыс өте қатты болуы мүмкін. Мысалы, қаңтар айында Принс Джордж қаласындағы орташа түнгі температура −13 °C құрайды. Британдық Колумбиядағы ең төмен температура Блю-Риверде тіркелді, температура бағамы −59 °C-қа дейін құлаған. Бұл Солтүстік Америкада тіркелген ең төмен температуралардың бірі. Оңтүстіктегі ішкі аңғарларда суықтың қысқа түрімен келетін қысқа қыс болады. Жағалауда қар көп жауады, және Сеңгір таулары шаңғышылар үшін қолайлы орынмен қамтамасыз етеді.

Тының мұхитының солтүстік бөлігіндегі төмен қысымның әсерінен жағалауда қыста көп жаңбыр жауады. Кей жағдайда (әрбір қыста емес) арктикалық ауа жағалау аймақтарына келген кезде көп қар жауатын, температура нөлден төмен түсетін кездер болады, бірақ бұл әдетте өте қысқа мерзімге созылады. Жаз мезгілінде оңтүстіктегі ішкі аңғарларда, мысалы, Осойоста шілдеде орташа максимум 32 °C-қа жетеді, кейде ыстық ауа-райы жағалауға немесе Шеткі Солтүстікке жылжиды.

Жаздағы құрғақшылық орман өрттерінің пайда болуына мүмкіндік жасайды, немесе найзағайдың немесе Антропикалық фактордың кесірінен. Жазда жағалау аумақтары құрғақ және жұмсақ климатқа ие, бұған көбіне тұрақты антициклондық жоғары қысым әсер етеді. Шуақты жазға қарамастан провинцияның көп аудандары қыста қалың бұлт жамылғысымен және төмен тұманмен жамылған. Жылына шуақты сағаттар саны Кранбуркке жақын жерде 2300-ден Алясканың оңтүстігінде орналасқан Принс Рупертте 1300-ге шуақты сағаттарға дейін азаюы мүмкін.

Британдық Колумбияның таңдалған қалалары үшін орташа тәуліктік максималды және минималды температуралар[6]
Муниципалитет Қаңтар Сәуір Шілде Қазан
Max Min Max Min Max Min Max Min
Принс Руперт 5.6 °C (42.1 °F) −0.8 °C (30.6 °F) 10.2 °C (50.4 °F) 2.5 °C (36.5 °F) 16.2 °C (61.2 °F) 10.5 °C (50.9 °F) 11.1 °C (52.0 °F) 4.9 °C (40.8 °F)
Тофино 8.3 °C (46.9 °F) 2.3 °C (36.1 °F) 11.9 °C (53.4 °F) 4.0 °C (39.2 °F) 18.9 °C (66.0 °F) 10.5 °C (50.9 °F) 13.6 °C (56.5 °F) 6.3 °C (43.3 °F)
Нанаймо 6.9 °C (44.4 °F) 0.1 °C (32.2 °F) 14.1 °C (57.4 °F) 3.9 °C (39.0 °F) 23.9 °C (75.0 °F) 12.3 °C (54.1 °F) 14.6 °C (58.3 °F) 5.2 °C (41.4 °F)
Виктория 7.6 °C (45.7 °F) 1.5 °C (34.7 °F) 13.6 °C (56.5 °F) 4.3 °C (39.7 °F) 22.4 °C (72.3 °F) 11.3 °C (52.3 °F) 14.2 °C (57.6 °F) 5.7 °C (42.3 °F)
Ванкувер 6.9 °C (44.4 °F) 1.4 °C (34.5 °F) 13.2 °C (55.8 °F) 5.6 °C (42.1 °F) 22.2 °C (72.0 °F) 13.7 °C (56.7 °F) 13.5 °C (56.3 °F) 7.0 °C (44.6 °F)
Чиллиуак 6.1 °C (43.0 °F) 0.4 °C (32.7 °F) 15.8 °C (60.4 °F) 5.2 °C (41.4 °F) 25.0 °C (77.0 °F) 12.5 °C (54.5 °F) 15.3 °C (59.5 °F) 6.4 °C (43.5 °F)
Пентиктон 1.8 °C (35.2 °F) −3.0 °C (26.6 °F) 15.7 °C (60.3 °F) 2.5 °C (36.5 °F) 28.7 °C (83.7 °F) 13.3 °C (55.9 °F) 14.3 °C (57.7 °F) 3.2 °C (37.8 °F)
Камлупс 1.8 °C (35.2 °F) −3.0 °C (26.6 °F) 15.7 °C (60.3 °F) 2.5 °C (36.5 °F) 28.7 °C (83.7 °F) 13.3 °C (55.9 °F) 14.3 °C (57.7 °F) 3.2 °C (37.8 °F)
Осоайос 2.0 °C (35.6 °F) −3.8 °C (25.2 °F) 18.1 °C (64.6 °F) 3.6 °C (38.5 °F) 31.5 °C (88.7 °F) 14.3 °C (57.7 °F) 16.4 °C (61.5 °F) 3.5 °C (38.3 °F)
Принстон −1.4 °C (29.5 °F) −8.6 °C (16.5 °F) 14.4 °C (57.9 °F) −0.3 °C (31.5 °F) 26.3 °C (79.3 °F) 9.5 °C (49.1 °F) 13.2 °C (55.8 °F) 0.3 °C (32.5 °F)
Кранбурк −1.9 °C (28.6 °F) −10.2 °C (13.6 °F) 12.9 °C (55.2 °F) 0.3 °C (32.5 °F) 26.2 °C (79.2 °F) 11.2 °C (52.2 °F) 11.7 °C (53.1 °F) −0.3 °C (31.5 °F)
Принс Джордж −4.0 °C (24.8 °F) −11.7 °C (10.9 °F) 11.2 °C (52.2 °F) −1.1 °C (30.0 °F) 22.4 °C (72.3 °F) 9.1 °C (48.4 °F) 9.4 °C (48.9 °F) −0.5 °C (31.1 °F)
Форт Нельсон −16.1 °C (3.0 °F) −24.6 °C (−12.3 °F) 9.6 °C (49.3 °F) −3.6 °C (25.5 °F) 23.2 °C (73.8 °F) 10.9 °C (51.6 °F) 5.2 °C (41.4 °F) −4.2 °C (24.4 °F)

Саябақтар мен қорғалатын табиғи аумақтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Робсон, Канадалық Сеңгір таулар
Оудерей тауы және О'Гара көлі

Провинцияда 14 саябақтар мен қорғалатын табиғи аумақтар бар, олар қазіргі заманғы контекстте осы аймақтарды әр түрлі басқару мен құруды бейнелейді. 141 экологиялық қорықтар, 35 провинциялық теңіз саябақтар, 7 провинциялық мұра орындар, Канаданың 6 ұлттық тарихи ескерткіштер, 4 ұлттық парктер және 3 ұлттық резервациялар бар. Провинцияның 12.5% (114,000 km2 немесе 44,000 шаршы миль) 800-ден астам әр түрлі аймақтарды қамтитын, 14 әр түрлі мақсаттың бірімен қорғалатын аймақ ретінде есептелінеді.

Британдық Колумбияда Канаданың жеті ұлттық паркі мен Ұлттық Парк Резвациялар бар:

Британдық Колумбияда Қоршаған Ортаны Қорғау астындағы BC Parks көптеген провинциялдық парктер бар. Британдық Колумбияның провинциялық парктер жүйесі көлемі жағынан Канададағы екінші парктер жүйесі болып табылады.

Британдық Колумбиядағы тағы бір парктер деңгейі — бұл провинцияның аймақтық округтерінің қолдауындағы және басқаруындағы аймақтық парктер. Ормандар Министрлігі ормандағы демалыс орындарын басқарады.

Осы аудандардан басқа, 47,000 шаршы шақырым (18,000 шаршы миль) егістікке жарамды жерлер Егіншаруашылғына Арналған Жерлер Қорығының қорғауында.

Йохо Ұлттық Саябағы

Провинцияның көп бөлігі игерілмеген, сондықтан Америка Құрама Штаттарының аумағының көп бөлігінде саны сиреп қалған сүтқоректілер Британдық Колумбия аумағында әлі гүлденіп жатыр. Жануарлардың әр түрлі түрлерін, соның ішінде әр түрлі құстарды тамашалау баяғыдан танымал болды. Бұл жерде аюлар (гриззли, қара аю, соның ішінде Кермод аюы немесе елес аю) осы жерде тіршілік етеді, сондай-ақ бұғылар, вапити, бұландар, солтүстік бұғылары, сабау қойлар, тауешкілер, суырлар, құндыздар, ондатрлар, шалғын қасқырлары, қасқырлар, сусарлар тұқымдасы (мысалы құнулар, борсықтар), пумалар, бүркіттер, тұйғындар, құтандар, Канада қаздары, аққулар, маймаққаздар, ақтұйғындар, жапалақтәрізділер, қарғалар, арлекин үйректері, және де үйректердің көптеген түрлері. Кішкентай құстардың да көптеген түрлері бар. Муррелдар Хайда-Гуай жағалауындағы кішкентай аралдардың ішіндегі Фредерик аралынан танымал.[7]

Балықтардың көптеген сау популяциялары бар, албырттарды да қосқанда, сондай-ақ албырттардың бірнеше түрлері, бақтақ балықтары. Албырт пен бақтақтан басқа, Британдық Колумбияның тәжірбиелі балықшылары палтус, құбылмалы бахтах, бекірелерді аулайды. Жағалауда әдетте, итбалықтар және Канада кәмшаттар. Теңіз жағалауларында тұратын киттәрізділерге косаткаларды, өркешті киттерді, сұр киттерді, тынықмұхиттық ақ-бауырлы дельфиндерді жатқызуға болады.

Британдық Колумбиядағы жойылып кету қаупі бар кейбір түрлер: Ванкувер Аралының суырлары, дақты үкі, Америкалық ақ түсті бірқазан және борсықтар.

Организм түрі Британдық Колумбияның Қызыл Кітабына енген түрлері Британдық Колумбиядағы түрлерінің жалпы саны
Тұщы су балықтары 24 80
Қосмекенділер 5 19
Бауырымен жорғалаушылар 6 16
Құстар 34 465
Құрлықтағы сүтқоректілер Жаңа деректерді қажет етеді Жаңа деректерді қажет етеді
Теңіз сүтқоректілері 3 29
Өсімдіктер 257 2333
Көбелектер 19 187
Инеліктер 9 87

[8]

Ақ шырша немесе Энгельман шыршасы және олардың будандары Британдық Колумбияның 14 биогеоклиматтық аймағының 12-сінде кездеседі (1994). Британдық Колумбияның ормандарында кездесетін ағаштардың жалпы түрлері мыналардан тұрады: Бүрлі Туя, Кипарис нуткандық, Таулы шырша, Бүктелген қарағай, Сары қарағай, Ақ сабақты қарағай, Жұмсақ қарағай, Батыстық ақ қарағай, Батыстық балқарағай, Америкалық балқарағай, Лайэл балқарағайы, Ақ шырша, Энгельман шыршасы, Ситхин шыршасы, Қара шырша, Abies grandis, Abies amabilis, Abies lasiocarpa, Батыстық Тсуга, Таулық Тсуга, Жағалаулық Тсуга тәрізді, Taxus brevifolia, Cornus nuttallii, Үлкен жапырақты үйеңкі, Жалаңаш үйеңкі, Жүзімді үйеңкі, Arbutus menziesii, Crataegus douglasii, Каскара, Quercus garryana, Тынықмұхиттық алма ағашы, Виргиниялық мойыл, Пенсильвандық мойыл, Ашты мойыл, Қызыл қандыағаш, Сұр қандыағаш, Қағаз қайың, Сулы қайың, Populus trichocarpa, Populus balsamifera, Populus tremuloides.

Демография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Британдық Колумбияның халық тығыздығы

Халық саны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2021 жылға қарай 5.1 миллион тұрғыны бар Британдық Колумбия Онтарио мен Квебектен кейінгі ең көп қоныстанған үшінші Канада провинциясы болып табылады. [9][10]

Британдық Колумбия Канададағы ең алуан түрлі провинция. Ең көп тараған нәсілдер бестігіне Еуропоидтар (64%), Шығыс Азиялықтар (15%), Оңтүстік Азиялықтар (8%), Аборигендер (6%), Оңтүстік-Шығыс Азиялықтар (4%) кіреді.[11]

Британдық Колумбиядағы ең ірі этникалық топтар (2016 жылғы санақ)[12]
# Ұлт Саны Пайыз
1 Ағылшындар 1,203,540 26.39%
2 Канадалықтар 866,530 19%
3 Шотландтықтар 860,775 18.88%
4 Ирландықтар 675,135 14.80%
5 Немістер 603,265 13.23%
6 Қытайлар 540,155 11.84%
7 Француздар 388,815 8.53%
8 Үнділер 309,315 6.78%
9 Украиндар 229,205 5.03%
10 Канаданың жергілікті халқы (Үндістер) 220,245 4.83%
Британдық Колумбиядағы діни топтар (1991, 2001 & 2011)[13][14][15]
% (1991) % (2001) % (2011) Саны (2011)
Христиандар 64.5% 55.7% 44.6% 1,930,415
Дінсіздер 30.0% 35.1% 44.1% 1,908,285
Сикхтар 2.3% 3.5% 4.7% 201,110
Буддистар 1.1% 2.2% 2.1% 90,620
Мұсылмандар 0.8% 1.5% 1.8% 79,310
Индустар 0.6% 0.8% 1.1% 45,795
Иудейлер 0.5% 0.5% 0.5% 23,130
Басқа діндегілер 0.8% 35,500
Аборигендік діндер 0.2% 10,295
Жалпы саны 100% 100% 100% 4,324,455

2011 жылғы санақ бойынша ұстанушылар саны бойынша ең үлкен конфессиялар — Христиандар 1,930,415 (44.6%); Дінсіздер (атеистар, агностиктер және тағы басқалары) 1,908,285 (44.1%); Сикхтар 201,110 (4.7%); Буддистар 90,620 (2.1%); Мұсылмандар 79,310 (1.8%); және Индустар 45,795 (1.1%).

2016 жылғы санақ бойынша есептелген 4,648,055 халықтың ішінен, 4,598,415 адам тіл туралы бөлімін толтырған. Олардың ішінен 4,494,995 адам ана тілі туралы сұраққа нақты жауап берді. Ең көп айтылған тілдер:

Британдық Колумбияда ең көп таралған ана тілдер (2016)[16]
# Тіл Халық саны Пайыз
1 Ағылшын 3,170,110 70.52%
2 Панджаби 198,805 4.42%
3 Кантондық 193,530 4.31%
4 Мандарин 186,325 4.15%
5 Тагаль 78,770 1.75%
6 Неміс 66,885 1.49%
7 Француз 55,325 1.23%
8 Корей 52,160 1.17%
9 Испан 47,010 1.05%
10 Парсы 43,470 0.97%
Британдық Колумбияның танымал қалалары көрсетілген карта.
Атауы Ресми атауы[17] Округ[17] Құрылған күні[17] Халық саны (2016)[18] Халық саны (2011)[18] Айырмашылығы (%)[18] Аумағы (km2)[18] Халық тығыздығы[18]
Абботсфорд Абботсфорд қаласы
(City of Abbotsford)
Fraser Valley Regional District 12 желтоқсан, 1995 &&&&&&&&&0141397.&&&&&0141 397 &&&&&&&&&0133497.&&&&&0133 497 &&&&&&&&&&&&&&05.9000005,9 &&&&&&&&&&&&0375.550000375,55 &&&&&&&&&&&&0376.500000376,5
Армстронг Армстронг қаласы
(City of Armstrong)
Regional District of North Okanagan 31 наурыз, 1913 &&&&&&&&&&&05114.&&&&&05114 &&&&&&&&&&&04830.&&&&&04830 &&&&&&&&&&&&&&05.9000005,9 &&&&&&&&&&&&&&05.2200005,22 &&&&&&&&&&&&0979.800000979,8
Бернаби Бернаби қаласы
(City of Burnaby)
Metro Vancouver Regional District 22 қыркүйек, 1892 &&&&&&&&&0232755.&&&&&0232 755 &&&&&&&&&0223218.&&&&&0223 218 &&&&&&&&&&&&&&04.3000004,3 &&&&&&&&&&&&&090.61000090,61 &&&&&&&&&&&02568.7000002568,7
Кэмпбелл-Ривер Кэмпбелл-Ривер қаласы
(City of Campbell River)
Strathcona Regional District 24 маусым, 1947 &&&&&&&&&&032588.&&&&&032 588 &&&&&&&&&&031186.&&&&&031 186 &&&&&&&&&&&&&&04.5000004,5 &&&&&&&&&&&&0144.360000144,36 &&&&&&&&&&&&0225.700000225,7
Каслгар Каслгар қаласы
(City of Castlegar)
Regional District of Central Kootenay 1 қаңтар, 1974 &&&&&&&&&&&08039.&&&&&08039 &&&&&&&&&&&07816.&&&&&07816 &&&&&&&&&&&&&&02.9000002,9 &&&&&&&&&&&&&019.67000019,67 &&&&&&&&&&&&0408.600000408,6
Чиллиуак Чилливак қаласы
(City of Chilliwack)
Fraser Valley 26 сәуір, 1873 &&&&&&&&&&083788.&&&&&083 788 &&&&&&&&&&077936.&&&&&077 936 &&&&&&&&&&&&&&07.5000007,5 &&&&&&&&&&&&0261.650000261,65 &&&&&&&&&&&&0320.200000320,2
Колвуд Колвуд қаласы
(City of Colwood)
Capital Regional District 24 маусым, 1985 &&&&&&&&&&016859.&&&&&016 859 &&&&&&&&&&016093.&&&&&016 093 &&&&&&&&&&&&&&04.8000004,8 &&&&&&&&&&&&&017.67000017,67 &&&&&&&&&&&&0954.200000954,2
Кокуитлам Кокуитлам қаласы
(City of Coquitlam)
Metro Vancouver 25 шілде, 1891 &&&&&&&&&0139284.&&&&&0139 284 0Қате өрнек: Таныс емес тыныс белгісі «,».Қате өрнек: Таныс емес тыныс белгісі «,»126,804 &&&&&&&&&&&&&&09.8000009,8 &&&&&&&&&&&&0122.300000122,30 &&&&&&&&&&&01138.9000001138,9
Кортни Кортни қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Courtenay)
Comox Valley Regional District 1 қаңтар, 1915 &&&&&&&&&&025599.&&&&&025 599 &&&&&&&&&&024216.&&&&&024 216 &&&&&&&&&&&&&&05.7000005,7 &&&&&&&&&&&&&029.38000029,38 &&&&&&&&&&&&0789.900000789,9
Кранбрук Кранбрук қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Cranbrook)
Regional District of East Kootenay 1 қараша, 1905 &&&&&&&&&&020047.&&&&&020 047 &&&&&&&&&&019319.&&&&&019 319 &&&&&&&&&&&&&&03.8000003,8 &&&&&&&&&&&&&032.&&&&&032,00 &&&&&&&&&&&&0626.600000626,6
Досон-Крик Досон-Крик қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Dawson Creek)
Peace River Regional District 26 мамыр, 1936 &&&&&&&&&&012178.&&&&&012 178 &&&&&&&&&&011583.&&&&&011 583 &&&&&&&&&&&&&&05.1000005,1 &&&&&&&&&&&&&024.37000024,37 &&&&&&&&&&&&0499.800000499,8
Делта Делта қаласы
(City of Delta)
Metro Vancouver 22 қыркүйек, 2017[19] &&&&&&&&&0102238.&&&&&0102 238 &&&&&&&&&&099863.&&&&&099 863 &&&&&&&&&&&&&&02.4000002,4 &&&&&&&&&&&&0180.200000180,20 &&&&&&&&&&&&0567.400000567,4
Данкан Данкан қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Duncan)
Cowichan Valley Regional District 4 наурыз, 1912 &&&&&&&&&&&04944.&&&&&04944 &&&&&&&&&&&04932.&&&&&04932 &&&&&&&&&&&&&&00.2000000,2 &&&&&&&&&&&&&&02.&700002,07 &&&&&&&&&&&02387.1000002387,1
Эндерби Эндерби қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Enderby)
North Okanagan 1 наурыз, 1905 &&&&&&&&&&&02964.&&&&&02964 &&&&&&&&&&&02932.&&&&&02932 &&&&&&&&&&&&&&01.1000001,1 &&&&&&&&&&&&&&04.2600004,26 &&&&&&&&&&&&0695.300000695,3
Ферни Ферни қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Fernie)
East Kootenay 28 шілде, 1904 &&&&&&&&&&&05249.&&&&&05249 &&&&&&&&&&&04448.&&&&&04448 &&&&&&&&&&&&&018.&&&&&018,0 &&&&&&&&&&&&&013.50000013,50 &&&&&&&&&&&&0388.700000388,7
Форт-Сент-Джон Форт-Сент-Джон қаласы
(City of Fort St. John)
Peace River 31 желтоқсан, 1947 &&&&&&&&&&020155.&&&&&020 155 &&&&&&&&&&018609.&&&&&018 609 &&&&&&&&&&&&&&08.3000008,3 &&&&&&&&&&&&&026.27000026,27 &&&&&&&&&&&&0767.300000767,3
Гранд-Форкс Гранд-Форкс қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Grand Forks)
Regional District of Kootenay Boundary 15 сәуір, 1897 &&&&&&&&&&&04049.&&&&&04049 &&&&&&&&&&&03985.&&&&&03985 &&&&&&&&&&&&&&01.6000001,6 &&&&&&&&&&&&&010.43000010,43 &&&&&&&&&&&&0388.100000388,1
Гринвуд Гринвуд қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Greenwood)
Kootenay Boundary 12 шілде, 1897 &&&&&&&&&&&&0665.&&&&&0665 &&&&&&&&&&&&0708.&&&&&0708 &&&&&&&&&&&&&0-7.900000−6,1 &&&&&&&&&&&&&&02.4200002,42 &&&&&&&&&&&&0274.900000274,9
Камлупс Камлупс қаласы
(City of Kamloops)
Thompson-Nicola Regional District 17 қазан, 1967 &&&&&&&&&&090280.&&&&&090 280 &&&&&&&&&&085678.&&&&&085 678 &&&&&&&&&&&&&&05.4000005,4 &&&&&&&&&&&&0299.250000299,25 &&&&&&&&&&&&0301.700000301,7
Келоуна Келоуна қаласы
(City of Kelowna)
Regional District of Central Okanagan 4 мамыр, 1905 &&&&&&&&&0127380.&&&&&0127 380 &&&&&&&&&0117312.&&&&&0117 312 &&&&&&&&&&&&&&08.6000008,6 &&&&&&&&&&&&0211.850000211,85 &&&&&&&&&&&&0601.300000601,3
Кимберли Кимберли қаласы
(City of Kimberley)
East Kootenay 29 наурыз, 1944 &&&&&&&&&&&07425.&&&&&07425 &&&&&&&&&&&06652.&&&&&06652 &&&&&&&&&&&&&011.60000011,6 &&&&&&&&&&&&&060.62000060,62 &&&&&&&&&&&&0122.500000122,5
Лангфорд Лангфорд қаласы
(City of Langford)
Capital 8 желтоқсан, 1992 &&&&&&&&&&035342.&&&&&035 342 &&&&&&&&&&029228.&&&&&029 228 &&&&&&&&&&&&&020.90000020,9 &&&&&&&&&&&&&039.94000039,94 &&&&&&&&&&&&0885.&&&&&0885,0
Лэнгли Лэнгли қаласы
(City of Langley)
Metro Vancouver 15 наурыз, 1955 &&&&&&&&&&025888.&&&&&025 888 &&&&&&&&&&025081.&&&&&025 081 &&&&&&&&&&&&&&03.2000003,2 &&&&&&&&&&&&&010.22000010,22 &&&&&&&&&&&02533.6000002533,6
Мэйпл-Ридж Мэйпл-Ридж қаласы
(City of Maple Ridge)
Metro Vancouver 12 қыркүйек, 2014[20] &&&&&&&&&&082256.&&&&&082 256 &&&&&&&&&&076052.&&&&&076 052 &&&&&&&&&&&&&&08.2000008,2 &&&&&&&&&&&&0266.780000266,78 &&&&&&&&&&&&0308.300000308,3
Мерритт Мерритт қаласы
(City of Merritt)
Thompson-Nicola 1 сәуір, 1911 &&&&&&&&&&&07139.&&&&&07139 &&&&&&&&&&&07113.&&&&&07113 &&&&&&&&&&&&&&00.4000000,4 &&&&&&&&&&&&&026.&7000026,07 &&&&&&&&&&&&0273.900000273,9
Нанаймо Нанаймо қаласы
(City of Nanaimo)
Regional District of Nanaimo 24 желтоқсан, 1874 &&&&&&&&&&090504.&&&&&090 504 &&&&&&&&&&083810.&&&&&083 810 &&&&&&&&&&&&&&08.&&&&&08,0 &&&&&&&&&&&&&090.76000090,76 &&&&&&&&&&&&0997.200000997,2
Нельсон Нельсон қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Nelson)
Central Kootenay 18 наурыз, 1897 &&&&&&&&&&010572.&&&&&010 572 &&&&&&&&&&010230.&&&&&010 230 &&&&&&&&&&&&&&03.3000003,3 &&&&&&&&&&&&&011.95000011,95 &&&&&&&&&&&&0884.300000884,3
Нью-Уэстминстер Нью-Уэстминстер қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of New Westminster)
Metro Vancouver 16 шілде, 1860 &&&&&&&&&&070996.&&&&&070 996 &&&&&&&&&&065976.&&&&&065 976 &&&&&&&&&&&&&&07.6000007,6 &&&&&&&&&&&&&015.63000015,63 &&&&&&&&&&&04543.4000004543,4
Норт Ванкувер Норт Ванкувер қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of North Vancouver)
Metro Vancouver 10 тамыз, 1891 &&&&&&&&&&052898.&&&&&052 898 &&&&&&&&&&048196.&&&&&048 196 &&&&&&&&&&&&&&01.8000001,8 &&&&&&&&&&&&&011.85000011,85 &&&&&&&&&&&04465.1000004465,1
Парксвилл Парксвилл қаласы
(City of Parksville)
Nanaimo 19 маусым, 1945 &&&&&&&&&&012514.&&&&&012 514 &&&&&&&&&&011977.&&&&&011 977 &&&&&&&&&&&&&&04.5000004,5 &&&&&&&&&&&&&014.56000014,56 &&&&&&&&&&&&0859.600000859,6
Пентиктон Пентиктон қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Penticton)
Regional District of Okanagan-Similkameen 1 қаңтар, 1909 &&&&&&&&&&033761.&&&&&033 761 &&&&&&&&&&032877.&&&&&032 877 &&&&&&&&&&&&&&02.7000002,7 &&&&&&&&&&&&&042.10000042,10 &&&&&&&&&&&&0801.800000801,8
Питт-Медоус Питт-Медоус қаласы
(City of Pitt Meadows)
Metro Vancouver 25 сәуір, 1914 &&&&&&&&&&018573.&&&&&018 573 &&&&&&&&&&017736.&&&&&017 736 &&&&&&&&&&&&&&04.7000004,7 &&&&&&&&&&&&&086.51000086,51 &&&&&&&&&&&&0214.700000214,7
Порт-Алберни Порт-Алберни қаласы
(City of Port Alberni)
Regional District of Alberni-Clayoquot 28 қазан, 1967 &&&&&&&&&&017678.&&&&&017 678 &&&&&&&&&&017743.&&&&&017 743 &&&&&&&&&&&&&0-1.600000−0,4 &&&&&&&&&&&&&019.76000019,76 &&&&&&&&&&&&0894.700000894,7
Порт-Кокитлем Порт-Кокитлем қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Port Coquitlam)
Metro Vancouver 7 наурыз, 1913 &&&&&&&&&&058612.&&&&&058 612 &&&&&&&&&&055958.&&&&&055 958 &&&&&&&&&&&&&&04.7000004,7 &&&&&&&&&&&&&029.17000029,17 &&&&&&&&&&&02009.4000002009,4
Порт-Муди Порт-Муди қаласы
(City of Port Moody)
Metro Vancouver 11 наурыз, 1913 &&&&&&&&&&033551.&&&&&033 551 &&&&&&&&&&033011.&&&&&033 011 &&&&&&&&&&&&&&01.6000001,6 &&&&&&&&&&&&&025.89000025,89 &&&&&&&&&&&01295.9000001295,9
Пауэлл-Ривер Пауэлл-Ривер қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Powell River)
Powell River Regional District 15 қазан, 1955 &&&&&&&&&&013157.&&&&&013 157 &&&&&&&&&&013165.&&&&&013 165 &&&&&&&&&&&&&0-1.900000−0,1 &&&&&&&&&&&&&028.91000028,91 &&&&&&&&&&&&0455.100000455,1
Принс-Джордж Принс-Джордж қаласы
(City of Prince George)
Regional District of Fraser-Fort George 6 наурыз, 1915 &&&&&&&&&&074003.&&&&&074 003 &&&&&&&&&&071974.&&&&&071 974 &&&&&&&&&&&&&&02.8000002,8 &&&&&&&&&&&&0318.260000318,26 &&&&&&&&&&&&0232.500000232,5
Принс-Руперт Принс-Руперт қаласы
(City of Prince Rupert)
North Coast Regional District 10 наурыз, 1910 &&&&&&&&&&012220.&&&&&012 220 &&&&&&&&&&012508.&&&&&012 508 &&&&&&&&&&&&&0-3.700000−2,3 &&&&&&&&&&&&&066.28000066,28 &&&&&&&&&&&&0184.400000184,4
Кунэл Кунэл қаласы
(City of Quesnel)
Cariboo Regional District 21 наурыз, 1928 &&&&&&&&&&&09879.&&&&&09879 &&&&&&&&&&010007.&&&&&010 007 &&&&&&&&&&&&&0-2.700000−1,3 &&&&&&&&&&&&&035.39000035,39 &&&&&&&&&&&&0279.200000279,2
Ривелстоук Ривелстоук қаласы
(City of Revelstoke)
Columbia Shuswap Regional District 1 наурыз, 1899 &&&&&&&&&&&07547.&&&&&07547 &&&&&&&&&&&07139.&&&&&07139 &&&&&&&&&&&&&&05.7000005,7 &&&&&&&&&&&&&041.13000041,13 &&&&&&&&&&&&0183.500000183,5
Ричмонд Ричмонд қаласы
(City of Richmond)
Metro Vancouver 10 қараша, 1879 &&&&&&&&&0198309.&&&&&0198 309 &&&&&&&&&0190473.&&&&&0190 473 &&&&&&&&&&&&&&04.1000004,1 &&&&&&&&&&&&0129.270000129,27 &&&&&&&&&&&01534.1000001534,1
Россленд Россленд қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Rossland)
Kootenay Boundary 18 наурыз, 1897 &&&&&&&&&&&03729.&&&&&03729 &&&&&&&&&&&03556.&&&&&03556 &&&&&&&&&&&&&&04.9000004,9 &&&&&&&&&&&&&059.79000059,79 &&&&&&&&&&&&&062.40000062,4
Салмон-Арм Салмон-Арм қаласы
(City of Salmon Arm)
Columbia Shuswap 15 мамыр, 1905 &&&&&&&&&&017706.&&&&&017 706 &&&&&&&&&&017464.&&&&&017 464 &&&&&&&&&&&&&&01.4000001,4 &&&&&&&&&&&&0155.280000155,28 &&&&&&&&&&&&0114.&&&&&0114,0
Суррей Суррей қаласы
(City of Surrey)
Metro Vancouver 10 қараша, 1879 &&&&&&&&&0517887.&&&&&0517 887 &&&&&&&&&0468251.&&&&&0468 251 &&&&&&&&&&&&&010.60000010,6 &&&&&&&&&&&&0316.410000316,41 &&&&&&&&&&&01636.8000001636,8
Террейс Террейс қаласы
(City of Terrace)
Regional District of Kitimat-Stikine 31 желтоқсан, 1927 &&&&&&&&&&011643.&&&&&011 643 &&&&&&&&&&011486.&&&&&011 486 &&&&&&&&&&&&&&01.4000001,4 &&&&&&&&&&&&&057.36000057,36 &&&&&&&&&&&&0203.&&&&&0203,0
Трэйл Трэйл қаласы
(City of Trail)
Kootenay Boundary 14 маусым, 1901 &&&&&&&&&&&07709.&&&&&07709 &&&&&&&&&&&07681.&&&&&07681 &&&&&&&&&&&&&&00.4000000,4 &&&&&&&&&&&&&034.93000034,93 &&&&&&&&&&&&0220.700000220,7
Ванкувер Ванкувер қаласы
(City of Vancouver)
Metro Vancouver 6 сәуір, 1886 &&&&&&&&&0631486.&&&&&0631 486 &&&&&&&&&0603502.&&&&&0603 502 &&&&&&&&&&&&&&04.6000004,6 &&&&&&&&&&&&0114.970000114,97 &&&&&&&&&&&05492.6000005492,6
Вернон Вернон қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Vernon)
North Okanagan 30 желтоқсан, 1892 &&&&&&&&&&040116.&&&&&040 116 &&&&&&&&&&038180.&&&&&038 180 &&&&&&&&&&&&&&05.1000005,1 &&&&&&&&&&&&&096.&5000096,05 &&&&&&&&&&&&0417.700000417,7
Виктория Виктория қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of Victoria)
Capital 2 тамыз, 1862 &&&&&&&&&&085792.&&&&&085 792 &&&&&&&&&&080017.&&&&&080 017 &&&&&&&&&&&&&&07.2000007,2 &&&&&&&&&&&&&019.47000019,47 &&&&&&&&&&&04305.8000004305,8
Уест-Келоуна Уест-Келоуна қаласы
(City of West Kelowna)
Central Okanagan 26 маусым, 2015[21] &&&&&&&&&&032655.&&&&&032 655 &&&&&&&&&&030902.&&&&&030 902 &&&&&&&&&&&&&&05.7000005,7 &&&&&&&&&&&&0123.530000123,53 &&&&&&&&&&&&0264.400000264,4
Уайт-Рок Уайт-Рок қаласының корпорациясы
(The Corporation of the City of White Rock)
Metro Vancouver 15 сәуір, 1957 &&&&&&&&&&019952.&&&&&019 952 &&&&&&&&&&019339.&&&&&019 339 &&&&&&&&&&&&&&03.2000003,2 &&&&&&&&&&&&&&05.1200005,12 &&&&&&&&&&&03893.1000003893,1
Уильямс-Лейк Уильямс-Лейк қаласы
(City of Williams Lake)
Cariboo 15 наурыз, 1929 &&&&&&&&&&010753.&&&&&010 753 &&&&&&&&&&010832.&&&&&010 832 &&&&&&&&&&&&&0-1.300000−0,7 &&&&&&&&&&&&&033.13000033,13 &&&&&&&&&&&&0324.600000324,6
Барлық қалалар &&&&&&&&03327824.&&&&&03 327 824 &&&&&&&&03133081.&&&&&03 133 081 &&&&&&&&&&&&&&04.5000004,5 &&&&&&&&&&&04263.1500004263,15 &&&&&&&&&&&01081.8100001081,81
Ванкувердің орталығындағы Canada Place
Ванкувердің орталығы, 2007 жыл.

Британдық Колумбияның экономикасы алуан түрлі, қызмет өндіретін салалар провинцияның ЖІӨ-нің көп бөлігін құрайды.[22] Британдық Колумбия екі трансқұрлықты темір жолдың соңғы аялдамасы және 27 ірі теңіз жүктері мен жолаушылар терминалдары орналасқан жер. Провинцияның үлкен 944,735 шаршы шақырымдық (364,764 шаршы мильдік) жерінің тек 5%-нан азы ғана егістікке жарамды болғанына қарамастан, провинция егін шаруашылығына бай (әсіресе Фрейзер және Оканаган алқаптары), өйткені жағалауға жақын жерлердің ауа-райы жұмсақ және кейбір оңтүстік алқаптары қорғалған. Провинцияның климаты провинцияда ашық аспан астындағы демалыстар мен туризмнің дамуына мүмкіндік береді, бірақ экономикалық тірегі ұзақ уақыттан бері пайдалы қазбалаларды табу, орман шаруашылығы, егін шаруашылығы тау-кен өндірісі болды. Ванкувер провинцияның ең ірі қаласы, табиғи ресурстарды табумен айналысатын көптеген батыстың компанияларына штаб-пәтер ретінде қызмет етеді. Ол сондай-ақ мықты тұрғын үй нарығынан және орташа республикалық деңгейден асатын жан басына шаққанда табыс көлемінен пайда көруде. Британдық Колумбияның жағалауларында және провинциянығ оңтүстік-ішкі бөліктерінде ауа-райы жұмсақ болғанымен, Канаданың қалған бөліктеріндегідей, құрлықтың көп бөлігінде суық климат. Провинцияның солтүстік бөлігі субарктикалық климатқа ие, сондықтан ол жерлер де өте суық қыс болады. Ванкувердің климаты қазіргі таңда канадалық ірі қалалардың ішіндегі ең жұмсақ қысқы климат болып табылады, мұнда қаңтардың түнгі температурасы орташа қату температурасынан жоғары болады.[23]

Британдық Колумбия тарихи орман өнеркәсібіне негізделген, сонымен бірге тау-кен өндірісінде құбылмалы маңыздылыққа ие ресурстарға негізделген экономика болған. Ресурстар саласындағы жұмыспен қамту пайыздық көрсеткіші бойынша тұрақты түрде төмендеді, ал жаңа жұмыс орындары көбінесе құрылыс және бөлшек сауда / қызмет көрсету салаларында пайда болып жатыр. Қазір ол қызмет көрсету саласындағы жұмыс орындарының ең жоғары пайызына ие, 72% құрайды (егер салыстыратын болсақ, Батыс Канадада 60%).[24] Бұл саланың көп бөлігі қаржыға, сақтандыруға, жылжымайтын мүлікке және корпоративті басқаруға келеді; дегенмен мегаполистардан тыс көптеген аймақтар әлі де ресурстарды табуға тәуелді. Өзінің Солтүстік Голливуд деген атауымен танымал Ванкувер аймағы киноиндустриясы, Солтүстік Америкадағы көлемі жағынан Лос-Анджелес пен Нью-Йорктан кейінгі үшінші көркем фильмдер өндіретін орын.[25]

Британдық Колумбияның экономикалық тарихы драмалық көтерілістер мен құлдырау туралы ертегілермен толы болды, және бұл серпіліс пен құлдырау көрінісі провинцияның саясатына, мәдениеті мен іскерлік климатына әсер етті. Шикізат бағасының өзгеруі пайдалы қазбалаларды табу өндірісіне байланысты болған экономикалық қызметке қатты әсер етті.[26]

2017 жылы Британдық Колумбия 282 миллиард Канадалық Доллар ЖІӨ-мен және 57,335 жан басына шаққанда ЖІӨ-мен Канада провинцияларының ішінде ЖІӨ көлемі бойынша төртінші орынды алды.[27][28] 2019-20 жылдары Британдық Колумбияның қарызы ЖІӨ-ға қатынасы 15.0% дейін өседі, және 2021-22 жылдары 16.1% дейін өседі деп күтілуде..[29][30] Британдық Колумбия экономикасы 2017 жылы қарқынды өсуі байқалды, оның жылдық көрсеткіші төртінші жыл қатарынан Канаданың орташа көрсеткішінен асып түсті. 2017 жылы Британдық Колумбияның ЖІӨ-нің нақты 3,9% өсімі канадалық провинциялар арасында екінші орынды иеленді.[31]

Үкімет және саясат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Викториядағы Британдық Колумбия Парламент Ғимараттары

Лейтенант-Губернатор Джанет Остин — провинциядағы Канада патшайымының өкілі. Лейтенант-Губернатор жоқ кезде Генерал Губернатор кеңесте өзінің міндеттерін орындау үшін әкімшіні тағайындай алады. Іс жүзінде бұл әдетте Британдық Колумбияның Бас Судьясы.

Канаданың өзге тоғыз провинциясы секілді де, Британдық Колумбияның да өзінің монархиясы бар, алайда монархтың қатысуынсыз Канада Билігі өзі таңдайтын комиссарлардың басқаруындағы Нунавут, Солтүстік-Батыс территориялары және Юконның республикалық басқару формасы бар. Қазіргі провинция басшысының міндетін атқарушы — Британдық Колумбияның Патшайымы (Queen in right of British Columbia) II Елизавета.

Британдық Колумбияда көптеген сайлау жүйелерімен сайланатын 87 мүшеден құралған Заң Шығарушы Ассамблея бар, дегенмен 2003 жылдан 2009 жылға дейін BC-STV деп аталатын бірыңғай дауыс беру жүйесіне көшу туралы үлкен пікірталастар болды. Күн билігі премьер төрағасы болып табылатын Атқарушы Кеңестің құрамына ресми түрде кіретін әртүрлі қызметтерге министірлерді тағайындайды.

Ресми рәміздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Британдық Колумбия үкіметі бірнеше ресми рәміздерді белгіледі:[32]

Рәміз Рәміздің суреті Қабылданды
Елтаңба Британдық Колумбияның елтаңбасы
Coat of arms of British Columbia
Coat of arms of British Columbia
15 қазан, 1987
Ұран Splendor sine occasu
Шексіз сұлулық
15 қазан, 1987
Қару қалқаны Британдық Колумбияның қару қалқаны
1906
Ту Британдық Колумбияның туы
Flag of British Columbia
Flag of British Columbia
1960
Лейтенант-губернатордың эмблемасы Британдық Колумбияның Лейтенант-губернаторының эмблемасы
Лейтенант-губернатордың штандарты Британдық Колумбияның Лейтенант-губернаторының штандарты
Гүл Pacific dogwood
(Cornus nuttalli)
Pacific dogwood
Pacific dogwood
1956
Сүтқоректі Кермод аюы
Spirit bear
Spirit bear
Сәуір 2006
Құс Steller's jay
(Cyanocitta stelleri)
Steller's jay
Steller's jay
17 желтоқсан, 1987
Балық Тынықмұхиттық албырт
Pacific salmon
Pacific salmon
Ақпан 2013
Ағаш Бүрлі Туя
Western redcedar
Western redcedar
Ақпан 1988
Асыл тас Жэйд
Jade
Jade
1968

Жоғарғы білім

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекеттік университеттер мен колледждерге мыналар кіреді:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Data table, Census Profile, 2021 Census of Population – British Columbia [Province]. Statistics Canada (February 9, 2022).
  2. Ged Martin, "The Naming of British Columbia, " Albion: A Quarterly Journal Concerned with British Studies, Vol. 10, No. 3 (Autumn, 1978), pp. 257—263 in JSTOR
  3. Akrigg Helen B. British Columbia Chronicle, 1847–1871: Gold & Colonists — illustrated. — Discovery Press, 1977. — ISBN 9780919624030.
  4. Vanderhoof. Tourism BC.
  5. The Ecology of the Engelmann Spruce – Subalpine Fir Zone. B.C. Ministry of Forests.
  6. Canadian Climate Normals or Averages 1981–2010. Environment Canada (October 31, 2011).
  7. Attenborough, D.1998. The Life of Birds. BBC publication. Script error: No such module "Catalog lookup link".Script error: No such module "check isxn".
  8. BC Ministry of Sustainable Resource Management, Conservation Data Centre
  9. Statistics Canada – Population.
  10. Canada's population. Statistics Canada.
  11. Census Profile, 2016 Census British Columbia [Province and Canada [Country]]. Statistics Canada. Тексерілді, 20 мамыр 2020.
  12. Census Profile, 2016 Census British Columbia [Province] (February 8, 2017).
  13. NHS Profile, British Columbia, 2011. Statistics Canada (May 8, 2013).
  14. Major religious denominations. Statistics Canada.
  15. Profile of British Columbia. Statistics Canada.
  16. Census Profile, 2016 Census British Columbia [Province].
  17. a b c British Columbia Regional Districts, Municipalities, Corporate Name, Date of Incorporation and Postal Address. British Columbia Ministry of Communities, Sport and Cultural Development. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2014. Тексерілді, 8 желтоқсан 2012.
  18. a b c d e Population and dwelling counts, for Canada, provinces and territories, and census subdivisions (municipalities), 2016 and 2011 censuses (British Columbia). Statistics Canada (February 20, 2019). Тексерілді, 17 қазан 2019.
  19. Order in Council No. 362. Province of British Columbia (22 қыркүйек, 2017). Тексерілді, 10 қаңтар 2018.
  20. Order of the Lieutenant Governor in Council: Order in Council No. 513. Province of British Columbia (September 9, 2014). Тексерілді, 14 қыркүйек 2014.
  21. Order in Council No. 357. Province of British Columbia (June 26, 2015). Тексерілді, 1 шілде 2015.
  22. 2014 British Columbia Financial and Economic Review, 74th Edition April 2013 – March 2014. BC Ministry of Finance (July 2014).
  23. Canadian climate normals 1981–2010 Vancouver International Airport. Environment Canada (October 31, 2011).
  24. Economic output in the West 103–109. Canada West Foundation.
  25. Film and TV. Vancouver Economic Development (2005).
  26. Hard on Health of Mining Communities. University of British Columbia (September 2006).
  27. Add/Remove data – Gross domestic product, expenditure-based, provincial and territorial, annual. Statistics Canada (May 30, 2018).
  28. Population Estimates – Province of British Columbia. Ministry of Citizens Services.
  29. Lovely, Warren; Maltais, Catherine (February 19, 2019). "British Columbia 2019 Budget". National Bank of Canada Financial Markets: 1–3. https://www.nbc.ca/content/dam/bnc/en/rates-and-analysis/economic-analysis/british-columbia-budget.pdf#targetText=Total%20taxpayer%2Dsupported%20debt%20looks,eliminated%20as%20of%202018%2D19.&targetText=Taxpayer%2Dsupported%20debt%20is%20projected,16.1%25%20by%202021%2D22.. 
  30. Canadian Federal and Provincial Fiscal Tables. Royal Bank of Canada (January 14, 2020).
  31. "2018 British Columbia Financial and Economic Review". British Columbia Ministry of Finance 78: 3. August 2018. https://www2.gov.bc.ca/assets/gov/british-columbians-our-governments/government-finances/financial-economic-review/financial-economic-review-2018.pdf. 
  32. Provincial Symbols and Honours Act. Her Majesty the Queen in Right of British Columbia (1996).

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]