Мазмұнға өту

Виталий Иванович Севастьянов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Виталий Иванович Севастьянов
Мемлекеті

КСРО

Мансабы

ғарышкер

Экспедициялары

Союз-9, Союз-18

Туған күні

8 шілде 1935 (1935-07-08)

Туған жері

Красноуральск, Свердловск облысы, КСРО

Қайтыс болған күні

5 сәуір 2010 (2010-04-05) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, Ресей

Сыйлықтары

Алтын Жұлдыз (1970, 1975)
3 Ленин ордені

КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1978)
Лениндік Комсомол сыйлығы (1978)
КСРО еңбегі сіңген спорт шебері

Виталий Иванович Севастьянов (8 шілде 1935 жыл, Красноуральск, Свердловск облысы5 сәуір 2010 жыл, Мәскеу) — Кеңес Одағының ұшқыш-космонавты, 2 рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған (1970; 1975), көптеген медалдар мен сыйлықтардың иегері.

1963 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеудегі С.Орджоникидзе атындағы авиация институтын бітірген (1959). Технология ғылымының кандидаты (1965). 1967 жылға дейін конструкторлық бюрода жұмыс істеді. 1967 жылы космонавтар отрядына қабылданды. 1970 жылы 1-19 маусымда А.Г.Николаевпен бірге бортинженер ретінде "Союз - 9" кораблімен Жерді айнала ұшты.

Космонавтар космоста 424 сағат 59 минут болды. 1975 жылы 24 мамырда П.И.Климукпен бірге бортинженер ретінде "Союз - 18" кораблімен космосқа ұшты. "Союз - 18" кораблі 1975 жылы 26 мамырда "Салют - 4" орбиталық ғылыми станциасымен (1974 жылы 26 желтоқсаннан бастап Жерді айнала ұшып жүрген) түйістірілді. Сөйтіп космонавтар "Салют - 4" ғылыми станциасына ауысып, онда әр түрлі ғылыми - зерттеулер жүргізді. Космонавтар осы жолғы ретте космоста 63 тәулікке жуық уақыт болып, жерге 1975 жылы 26 шілдеде қонды. Севастьянов Халықаралық астронавтика академиясының толық мүшесі[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 95 бет