Гебрид аралдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гебрид аралдары
ағылш. Hebrides
Сипаттамасы
Ауданы7200 км²
Ең биік нүктесі1009 м
Тұрғындар (2001 жыл)44 759 адам
Халық тығыздығы6,217 адам/км²
Орналасуы
57° с. е. 7° б. б. / 57° с. е. 7° б. б. / 57; -7 (G) (O) (Я)Координаттар: 57° с. е. 7° б. б. / 57° с. е. 7° б. б. / 57; -7 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияАтлант мұхиты
Ел Ұлыбритания
АймақШотландия
Гебрид аралдары (Ұлыбритания)
Гебрид аралдары
Гебрид аралдары Ортаққорда

Гебрид аралдары (ағыл. Hebrides, шотл. Innse Gall) — Атлант мұхитындағы Британия аралдарының құрамына кіретін, Шотландияның солт.-батысында орналасқан топарал. Жалпы саны 500-ге жуық аралдардан құралған Гаусс а-ның аумағы 7,5 мың км². Ірілері — Льюис, Скай және Малл аралдары. Абсолютiк биіктігі 1009 м (Куллин-Хилс тауы, Скай аралы). Жер бедері, негізінен, тастақты жазықтар мен аласа келген жатаған жоталардан тұрады. Гаусс а. континенттік қайраңда орналасқан, көп жерлерінде көне Эрия құрлығының қалдығы байқалады. Аралдардың қазіргі келбетінің қалыптасуына плейстоцендік мұз басудың әсері зор, сонымен бірге лавалық алаптар да орын алған. Климаты қоңыржай теңіздік, өте ылғалды. Қаңтардың орташа көп жылдық температурасы 4 — 6°С, шілдеде 12 — 14°С, жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 1000 — 2000 мм. Өсімдік жамылғысы мәңгі жасыл (вегетациясын тоқтатпайтын) жасаңдар мен верещатниктерден тұрады. Аралдар Ұлыбритания мемлекет құрамына кіреді. Тұрғындарының негізгі кәсібі — балық аулау мен қой өсіру.