Мазмұнға өту

Гуантанамо түрмесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гуантанамодағы концентрациялық лагерь (ағылш. Guantanamo Bay detention camp, ис. Centro de detención de Guantánamo) — АҚШ билігі тарапынан түрлі қылмыстар, терроризм бойынша айыпталған тұлғалардың бостандығын шектейтін, АҚШ тарапынан Кубадан мерзімсіз уақытқа жалға алған лагерь. Гуантанамо қаласынан 30 км. қашықтықта орналасқан. 

Концлагерь 2002 жылдың қаңтар айында ашылды, ол жерге алғаш рет Ауғанстаннан 20 тұтқын жеткізілді. Олар Ауғанстанда исламшыл экстремисттер "тәлібтер" жағында соғысты деп айыпталған азаматтар еді.  2002-2006 жылдар арасында Ауғанстан мен Иракта қолға түскен 750-ге жуық шетелдік тұтқын осы түрмеге түсіп шыққан. Олардың барлығы АҚШ әскерилерінің айтуынша «Әл-Қағида» ұйымының және Талибан ұйымының содырлары. Олардың іішінде 250 адам мерзімінен бұрын босатылды (еліне қайтарылғандардың іішінде 8 Ресей азаматы бар). 2006 жылдың сәуір айына дейін басқаларының есімі құпия сақталып жарияланбады. Сәуір айында Пентагон 558 бұрынғы және сол кездегі тұтқындардың тізімін жариялады. 2006 жылы түрмеде 490 кісінің бас бостандығы шектелген, олардың тек он шақтысына ресми айып тағылған. Көбісі Сауд Арабиясы (132 кісі), Ауғанстан (125 кісі) және Йемен (107 кісі) азаматтары.

Адам құқығын бұзу айыптары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2002 жылы тұтқынға түскендерді лагерге алып келу сәті

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]