Мазмұнға өту

Дивиденд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дивиденд (лат. dіvіdendum – бөліске түсемін) – акционерлерге акциясының құны мен мөлшеріне сәйкес акционерлік қоғам пайдасынан жыл сайын төленетін табыс. Дивиденд құнын ационерлер жиналысы шешеді. Дивидендтер көбінесе жылына бір рет беріледі. Дивиденд төленуі жобаның капитализациясын азайтады. Қаржылық жылдың аяғына дейін төленетін аралық дивиденд деп аталады. Жыл соңындағы дивидендтер финалдық дивидендтер деп аталады. Көбінесе дивидендтер ақшалай төленеді. Маңызды даталар Жариялау датасы- директорлар кеңесі дивидендтер көлемін жариялайтын күн. Реестр жабылу күні- Дивидендтерді алуға мүмкіндігі бар адамдар тізімін жасау күні Эксдевидендттік күн - белгілі бір күннен кейін дивидендедтерді алуға мүмкіндік жоқ дата Төлеу датасы- бұл күні дивидендтер төленеді.

Экономикада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Акционерлік қоғам пайдасының жыл сайын түрлі салықтарды төлегеннен, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, облигациялар бойынша пайыздарды және директорларға сыйақыны аударғаннан кейін акционерлер арасында үлестірілетін бөлігі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9