Домбығу
Көрініс
Домбығу (лат. oedema). Организмдегі тұз-су алмасу процесінің бұзылуынан тканьде сұйықтың көп жиналуынан, немесе зақымданудан, қабынудан дененің пішіні мен көлемінің үлкеюі. Стоматологияда ангионевротикалық домбықпалар — ерін, мұрын, қас-қабақ және ауыздың шырышты қабығынын, ісінуі кездеседі. Созылмалы инфекциялық аурулар, салқын тию, дәрі-дәрмек, тамақ және микробты аллергиялар да қоздырушы факторлар боп табылады. Солардың бірі — Квинке домбығуы ерін тканьдерінің ісінуімен байқалса, Малькерссон — Розенталь синдромында ерінмен бірге бет нервісінің қабынуы және тіл бетінде қатпарлар (бүкпе) пайда болуымен ерекшеленеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — медицина бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |