Мазмұнға өту

Жиналыстар бостандығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жиналыстар бостандығы — жұрттың өз әлеуметтік не саяси көзқарасын бірлесіп білдіруі мақсатымен жиналу мүмкіндігін білдіретін құқықтық ұғым, ол барлық адамға тән негізгі құқытардың бірі болып келеді.

Мәселен, БҰҰ шығарған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында әркімнің бейбіт жиналыстарға және ассоциацияларға қатысуға құқылы екені жазылған (20-бап).

Сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясында, 32-бабында да бұған қатысты тұжырым бар: «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде азаматтардың жиналыс өткізуіне кедергі жасау не оған қатысуға мәжбүрлеу олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық әрекет болып саналып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы көрсетілген (155-бап).[1]

Сонымен қатар Қазақстанда «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жеке заң бар.[2] Онда бейбіт жиналыс күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шара ретінде сипатталады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]