Калий қосылыстары
Калий қосылыстары – калий элементін түзетін тұрақты химиялық қосылыстар. Металл күйіндегі калий мен натрий өз-ара ери араласып, сұйық күйдегі балқыма түзеді, ол атом реакторында жылу тасымалдаушы, титан өндірісінде тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады. Калий қосылыстарының арасында тұздары маңызды, бәрі дерлік тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Калий селитрасы KNO3 – өте тиімді тыңайтқыш, жақсы тотықтандырғыш, оқ-дәрі, қопарғыш заттар әзірлеуде пайдаланылады. Бромды калий фотосурет өңдеуде негативті сақтау үшін, йодты калий (KI) медицинада химиялық реактив ретінде, фторлы калий (КҒ) металлургиялық флюс құрамында және органикалық қосылысқа фторды енгізу мақсатында, көмір қышқылды калий (K2CO3) (поташ) шыны мен сабын өндіруде, калий фосфаттары (K4P2O7; K5P3O10) жуғыш зат құрамдасы ретінде, калий хлораты (KCІO3) (бертоле тұзы) сіріңке мен пиротехника өндірісінде, кремний фторлы калий (K2SіF6) минералдардан сирек жер металын алу кезіндегі қоспа ретінде, цианды калий (KCN) алтын өндіруде, калий сілтісі (KOH) таза калийді, оның тұздарын алуда, аккумулятор жасауда қолданылады.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|