Кардинал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Кардинал киімі
Француз кардиналы Ришельё — Францияның 1624 - 1642 жж басшысы

Кардинал (латынша cardіnalіs – басшы) – католик шіркеуінің Рим папасынан кейінгі дін басы.

Кардинал атағын Рим папасы ғана бере алады. Рим папасы (1059 – 61) Николай II 1059 жылы “Папалар тек Кардиналдардың жиналысымен сайланады. Сайлауға бұқара халықтың қатысуы тек Кардиналдардың қалауын мақұлдаумен шектеледі” деген шешім қабылдады. Осының негізінде Рим папасы (1145 – 53) Евгений III 1150 жылы Кардиналдардың Қасиетті коллегиясын құрды. Қасиетті коллегия “Кардиналдар коллегиясы” деп те аталды. Кардинал тек Рим папасына бағындырылды. Бұрын Кардинал болу үшін белгілі бір діни лауазым иесі болу шарт емес еді. Рим папасы (1914 – 22) Бенедикт XV-нің 1919 жылғы қаулысы бойынша Кардиналдыққа сайлану үшін кем дегенде қарапайым дін қызметшісі болу шарт етілді. Ал Рим папасы (1958 – 63) Иоанн ХХІІІ-нің 1962 жылғы қаулысы бойынша епископтар ғана К-дыққа сайлана бастады. Рим папасы (1963 – 78) Павел VІ 1970 жылыбұл қаулыға “Папаны сайлауға жастары 80-ге толмаған Кардиналдар ғана қатыса алады” деген жаңалық енгізді. 75 жасқа толған Кардинал өз еркімен қызметінен кетуі тиіс. Онан әрі қызмет атқару мәселесін шешу құқығы тек Рим папасына берілген.[1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том