Кеңейту шинасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Компьютердің 18 слоты бар шинадағы үш тақта

Кеңейту шинасы (Шина расширения; expansion bus) — 1) дербес компьютердің қосымша құрылғыларын қосуға арналған, оның кеңейту слоттарына жалғанған негізгі жүйелік шина; 2) адаптер тақшалары орнатылатын қуыс орындар. Шалғай құрылғылардың (есептеу машиналарының мүмкіндіктерін арттыратын) әр түрлі адаптерді іске қосуға арналған қуыс-орындар саны мен түрлері жүйенің қызметтік кеңейту мүмкіндіктерін анықтайды. Кейбір кеңейту шиналары: МСА-16, МСА-32, РС-104, ISA-8, ISA-16, EISA, VLB, PCI және т.б.

Кеңейтілген тақша (расширенная плата; extender board) — компьютердің қызметтік мүмкіндігін арттыруға арналған, оның кеңейту слоттарының біріне қондырылған схемалық тақша. Олар жаңа құрылғыларды — модемді, енгізушығару порттарын және т.б. — қосуға арналған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған профессор А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5