Мазмұнға өту

Кокос (арал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Кокос (испан тілінде Isla del Coco) —Тынық мұхитындағы адам аяғы баспаған, ең ірі аралдардың бірі. Коста-Рика елінде, Пунтаренас провинциясында, мұхиттың батыс жағасынан 600 километр қашықтықта орналасқан арал. Оңтүстік-батысында бірнеше миль жерде Галапагос аралдарын көруге болады. Көптеген аңыздар бойынша Кокос аралында бұрын ешкім таппаған, қазына-байлықтар бар екен.

Арал құрайтпен, теңіз түбі тез өсетін жасыл балдырлармен қапталған. Бұл аралдың фаунасы күзетке алынып, 1997 жылы ЮНЕСКО Кокос аралын Әлемдік мұра қатарына кіргізді.