Мазмұнға өту

Конъюнктива

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көз құрылысы
Конъюнктиваның қантамырлары

Конъюнктивакөздің сыртындағы және қабақтың ішкі жағындағы өте жұқа ұлпа.

Қабақ конъюнктивасының көз алмасы конъюнктивасына өтетін жеріндегі иілген жерін конъюнктива күмбезі, ал күмбез ішіндегі саңлаулы қуысты конъюнктива қапшығы деп атайды. Көздің кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий қаптап жатады.

Көз қабағының кілегейлі қабығында кілегей бөлетін құты (бокал) тәрізді бірклеткалы экзокриноциттер болады. Кілегейлі қабықтың эпителий қабаты астындағы өзіндік тақташада лимфоциттерді көптеп кездестіруге болады. Ал кейбір жануарлар, мысалы, күйіс қайтаратын жануарлар конъюнктива күмбезі аймағында эпителий асты лимфа түйіншелерінің бадамша тәрізді жиынтығы кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9