Мазмұнға өту

Ксантофилл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ксантофилл (грек. хan-thos – сары және рhyllon – жапырақ) – құрамында оттек бар сары, қызғылт-сары немесе қызыл түсті пигменттер тобы (каротиноидтар). Ксантоилл жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырағында, гүлінде, жемісінде және бүрінде кездесетін ең басты пигменттер (реңді заттар) болып саналады. Ксантофилл атқаратын қызметіне қарай моноциклді және бициклді каротиноидтерге жататын 50-ден астам тобы (спирттер, кетондар, альдегидтер, тотықты, жай және күрделі эфирлер) белгілі. Сонымен бірге олар көптеген балдырлар мен микроорганизмдердің де құрамынан табылған. Жануарларда (тауық жұмыртқасының сары уызында, сүтқоректілердің бауырындағы майлы ұлпаларында) сирек кездеседі. Өсімдік гүлдері мен жемістерінің хлоропластысында, бактериялар клеткаларының липофильді бөлімшелерінде де болады. Олар флавоноидтармен бірлесе отырып жапырақта сарғыш әдемі бояу түзеді. Биол. мәні жағынан алғанда олар күн сәулесінің жарық спектрінің көзге көрінетін (380 – 520 нм) қысқа толқынды бөлімшелері арқылы күн сәулесінің қуатын сіңіре алады. Ксантофилл барлық фотосинтездеуші өсімдіктер мен микроорганизмдерде болады. Ол өсімдіктердегі фотосинтез құбылысына белсене қатысып, қосымша пигмент құрай алады. Түссіз каротиноидты көмірсутектерінен Ксантофилл түзілуі үшін жарық, оған қоса оттек қажет.[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"