Мазмұнға өту

Макендондық Филипп II

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Филипп II Македонский
Билік жылдары 359-336 BC
Дүниеге келді 20 шілде, 382 BC
Пелла, Древняя Македония
Қайтыс болды 10 маусым, 336 BC
Эги, Древняя Македония
Ізашары Пердикка III
Ізбасары Александр Македонский
Әкесі Аминта III
Анасы Эвридика

Филипп II (гр. Φίλιππος Β; 382336 б. з. б. жж)— Б. з. д. 359 жыл басқарған ежелгі Македония патшасы, Еуропа жұрты Александр Македонский деп атап кеткен Ескендірдің әкесі. Ф. ірі мемл. қайраткері, қолбасшы әрі дипломат болған. Македонияны біртұтас мемлекетке біріктірген. Парсыларға қарсы соғыста өлген. Одан соң патшалық таққа 20 жасар баласы Ескендір Зұлқарнайын отырған. Өткен тарихты жетік білген Абай езінің «Ескендір» дастаның да бұл туралы «Филипп елді, Ескендір патша болды» деген дерек келтіреді.[1] Екінші Филипптің әкесі үшінші Аминта патша болған. Ал анасы Эвридика Македонияның солтүстік шығысын ұзақ уақыт басқарған Линкестидтер тегінен шыққан. Екінше Филипп б.з.б 382 жылы Македонияның астанасы Пелла қаласында дүниеге келеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін көршілес ирилиялықтар мен фракиялықтардың қысымы әсерінен Македония әлсірей бастайды. Оны көрген Грекия да Македонияға қарай ұмтылды. Қиын жағдайда билікке келген екінші Филиптің ағасы екінші Александр иллириялықтармен келісім жасасты. Сол шарт бойынша екінші Филипп иллириялықтарға кепілге берілді.

Бір жылдан кейін б.з.б 369 жылы екінші Александр фивылықтармен келісімге отырып, оларға ақсүйектердің отыз баласын және бауырын кепілдікке жібереді. Екінші Филипп 368 - 365 жылдары кепілдікте болды. Плутархтың мәліметтері бойынша ол Фивыда он жылдай болады. Фивыда ол гректердің әскери өнерімен, әсери қолбасшылықтарымен танысып, мәдени жетістікрінен хабардар болған. Ол Фивыда болғанда ағалары тақты бірінен кейін бірі ауыстырып отырған. Соңғы ағасы үшінші Пердик б.з.б. 359 жылы Македонияға басып кірген илириялықтармен шайқаста қаза табады. Таққа оның баласы Аминта отырғызылды. Бірақ Аминта әлі де жас болатын. Екінші Филипп оның қамқоршысы деп есептелді. Филипп жауынгерлердің сеніміне ие болып, таққа отырады. Бұл кезде оның жасы жиырма үште болатын.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9