Мазмұнға өту

Маккей Клад

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Маккей Клад

Маккей Клад (McKay, Claude) (1890 жылы 15 қыркүйек, Ямайка1948 жыл, 22 мамыр Чикаго), америкалық ақын және жазушы, Ямайка тұрғыны. [1].

АҚШ-қа келмей тұрып, 1912 жылы ямайка диалектісінде жазылған екі томдық өлеңдер жинағын шығарған. Нью-Хемпширдегі көктем (1920) және Гарлем көлеңкесі (1922) поэтикалық жинағын шығарған соң, Гарлемдік Ренессанстың алғашқы әрі нағыз жауынгер өкілі екенін көрсетіп, азаматтық құқық пен нәсілдік ынтымақтастықтың қорғаушысы болды. Өзінің туындыларында жай адамдарды бейнелейді, қара нәсілділердің менталитетіндегі ерекшелігін, келбетін көрсетуге тырысады.

Гарлем үйіне барғанда (1928) романы сол уақыттағы афроамерикандықтар арасындағы ең танымал шығармасы болды. 1922 жылдан 1934 жылдар аралығында шетелде тұрады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)