Мангостан
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Мангостан | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Garcinia mangostana |
Мангостан, немесе мангустин (лат. Garcínia mangostána), сонымен қатар мангостин, гарциния, мангкут – герциния туысы, шайқурайлар тұқымдасы жататын ағаш түрі.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мангостан - биіктігі 25 метрге жететін, діңкегінің қоңыр-қара түсті қабығы бар, мәңгі жасыл ағаш. Жемісі ақ түсті, домалақ, диаметрі – 3,4-7,5 сантиметр. Үстінен қалың 1 см-ге дейін жететін қызыл-күлгін түсті жеуге жарамсыз қабықпен қапталған. Өсімдік жемісті өте кеш береді, жемістер ағаш отырғызылғаннан кейін 9-20 жыл аралығында пайда бола бастайды[1].
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мангостан отаны — Оңтүстік-Шығыс Азия. Таиландта, Мьянма, Вьетнам, Камбоджа, Малайзия, Индияда, Шри-Ланка, Филиппин, Антиль аралдарында, Орталық Америкада, Колумбияда, тропикалық Африкада (Занзибар, Либерия, Гана және Габонда) кең культивацияланады[2].
Мангостанның ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ол ешқашан жабайы күйінде өспейді және жыныссыз келеді. Оның гүлдері бір мезгілде аталық та, аналық та бола алады. Мұндай сирек құбылыс ғылымда "партеногенез" деп аталады. Гүлдерінде шірне түзілмейтіндіктен, гүлдену кезеңінде ешбір шыбын-шіркей жоламайды. Мангостанның құрамында адам ағзасына қажетті ең маңызды элементтер кездеседі: С және Е дәрумені, рибофлавин, тиамин, азот, кальций, магний, мырыш, натрий және калий. Жеміс фармакология саласында жиі қолданылады.
Мангостанның пайдасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мангостан жемісі өте қуатты табиғи құрал, ол ағзадағы артық радикалдар мен қышқылдарды бейтараптандырады, денені жасушалық деңгейде тазартады, иммунитетті нығайтып, ағзаны жандандырады. Мангостанның табиғи шырыны шаршағанда, қабынуларға, жараға, жүйке жүйесіне, ісіктерге, иммунитет төмендегенде, вирусты және бактериалды инфекцияларда, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, аллергиялық ауруларға, терінің созылмалы ауруларына, ас қорытуға, ағзаны тазартуға өте пайдалы. Шырынды балаларды қосқанда барлық жастағы адамдар диеталық тағам ретінде қолдана алады.