Моралите
Моралите (француз morolіte, латын morlіs – өнегелік) – драматургиядағы жанр, ғибратты аллегориялық драма.
Моралитедегі кейіпкерлердің бір-бірімен қақтығысы қайырымдылық пен зұлымдық, жан мен тәннің мәңгілік күресінің ақиқатына негізделген. Моралитедегі негізгі дидактикалық ой – ақылды кісі адамгершілік жолын таңдайды, ақымақ кесірліктің бұғауында қалады. Алғаш 1436 жылы осы жанрда француздың “Есті мен есірік” қойылымы сахналанды. 15 ғасырда Батыс Еуропаға таралған Моралитеде кең пайдаланылған сюжет адам туралы, оның “өліммен” қақтығысы, адамның достық, туыстық, байлықтан еш баяндылық таппай, өзінің іс-қимылдарындағы мейірімділікпен жұмаққа есік ашуы болды. 15 ғасырдағы театрлардың бағыты Моралитенің дамуында реалистик мазмұнның күшейтілуін талап етті. Қайырымдылық пен зұлымдықтың абстрактілі қарама-қайшылығын бейнелеу олардың өзара күресін көрсетуге ауыстырылып, аллегорпты кейіпкер адам бейнесінде жасалуға көшті. Моралите жанрындағы аллегорпты кейіпкерлер М.Сервантестің (“Нумансия”), У.Шекспирдің (“Қысқы ертегі”) шығармаларында кездесті. 16 ғасырдың 2-жартысында этикалық тақырыптағы драмалар біртіндеп Моралитені ығыстырып шығарды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|