Мәриям

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мәриям[1] (ивр. מרים‎, көне грекше: Μαριάμ, лат. Maria, араб.: مريم‎) — Дәуіт Пайғамбардың ұрпағы, Иса пайғамбардың анасы. Исламда парасатты, әулие әйел ретінде ерекше құрметтеледі. Құран Кәрімнің “Мәриям”, “Әли ұымран” сүрелері Мәриям мен Иса пайғамбар өміріне арналған. Онда Мәриям дүниеге келмей тұрып, әкесі Имранның қайтыс болғаны, анасы Ханна Жаратқаннан жалбарынып сұрап алған перзентін Құдыстағы ғибадат үйіне тәрбиеленуге бергені жайлы айтылған. ұибадатханада өскен Мәриям тәрбиесі сонда қызмет істейтін жездесі Закария пайғамбарға жүктеледі. Ертелі-кеш құлшылық ететін Мәриям ның жанына ешкім келмесе де, Закария тағам әкелгенде, оның маңайы жемістерге толы болады. Таңданыс білдіргендерге Мәриям “Оны маған Аллаһ жіберді. Расында Алла қалаған адамына өлшеусіз ризық береді” деп жауап қатады (3/37). Құдіреті шексіз Аллаһ бірде Мәриямға Жәбірейіл періштені жіберіп, әкесіз бала жарататындығын және оның адамзатқа мұғжиза мен мейірім ретінде келетіндігін жеткізеді (19/16 — 19; 21). Аллаһ әмірімен жүкті болған Мәриям Иса пайғамбарды жырақта жүріп босанады (19/22 — 26). Мұғжиза саналатын құндақтаулы сәбиімен еліне оралған ол өзін қаралап даттай бастағандарға аузы беріктігін айтып, сұрақтардың сәбиге қойылуын өтінеді, сонда нәресте “Рас, мен Аллаһның құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” дейді (19/27 — 33). Мәриямның қашан және қай жерде қайтыс болғаны белгісіз, Түркияның Измир қаласының маңында қабірі бар.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы