Нацизм
Ұлтшылдық-социализм (нем. Nationalsozialismus), көбінесе нацизм[1] атауымен танымал — неміс тоталитарлық[2], экстремистік[3], радикалдық, нәсілшілдік, антисемитисттік саяси идеология[4] және 1919—1945 жылдардағы қозғалыс, фашизмнің ерекше формасы[5][3][6]. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін, нәсілдік антисемитизмді («семиттік нәсіл» — еврейлер — гитлер Германиясында антипод, және де неміс халқының ең басты жауы болып саналған), славянофобтық, «арийстік» (неміс халқының) социализмдік, антикоммунизмдық, анти-либералдық және антидемократиялық идеологиясы болады. Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы идеологиясы (нем. NSDAP), 1933—1945 жылдары Германияның (Үшінші рейх) ресми идеологиясы болды.
Ұлтшылдық-социализм өзінің басты мақсаты ретінде неміс халқы әл-ауқатты өмір сүру үшін, кең аймақта «нәсілдік таза», «арийстік», ұзақ уақыт бойы өмір сүре алатын («мыңжылдық рейх»[7]) мемлекетті құруды қойды.
Идеология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нацизм — Германияның XX ғасырдың басында пайда болған, әлемдегі ең қатыгез идеологиялардың бірі болып саналады. Оның ең басты мақсаты — бүкіл немістілді халықтарды бір Германдық мемлекетке қосу еді. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін қосты. Нацисттердің ойынша, идеалды неміс мемлекеті бірпартиялық, жеке басқа табынушылық, және автократиялық болу керек. Бұл ой Ұлтшылдық-социализмдық неміс жұмыс партиясының (нем. NSDAP), одан кейін Үшінші рейхтің ресми ұранында айтылған: «Бір халық, бір рейх, бір көшбасшысы (фюрер)» (нем. Ein Volk, ein Reich, ein Führer).
Фюрер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көшбасшы — фюрер (нем. Führer [ˈfyːʁɐ] тыңдау — «көсем», «жетекші»), нацисттік Германияның елбасы (1933—1945). Нацизм идеологиясы бойынша, фюрер — тек қана Германия мемлекетінің басшысы емес, онымен қоса, әлемдегі барлық неміс халқының өкілі, халықтың тұмары болып саналған.[8][9] «Фюрер» лауазымын алған адам — жалғыз Адольф Гитлер.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Bracher K. D. Totalitarism. (ағыл.)
- ↑ a b БРЭ, 2013
- ↑ Rachael Krishna The Nazis were not socialists. Full Fact. Тексерілді, 14 мамыр 2020.
- ↑ Neocleous, Mark. Fascism. Minneapolis, Minnesota, USA: University of Minnesota Press, 1997 p. 23.
- ↑ Explaining Politics: Culture, Institutions, and Political Behavior — Routledge. — 2008. — P. 156. — 9 B/W Illustrations, 424 p. — ISBN 9780415960786.
- ↑ Философия: Энциклопедический словарь / А. А. Ивина — М.: Гардарики, 2004. — Б. 1074. — ISBN 5–8297–0050–6.
- ↑ [1] Мұрағатталған 22 қыркүйектің 2017 жылы.
- ↑ Online Etymology Dictionary.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|