Ниуэ
Ниуэ ағылш. Niue | |||||
| |||||
Әнұран: «Ko e Iki he Lagi» | |||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ресми тілдері | ниуэ, ағылшын тілдері | ||||
Елорда | Алофи | ||||
Ірі қаласы | Алофи | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы партиясыз парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Тәж өкілі Премьері |
III Чарльз Синди Киро Далтон Тагелаги | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
261,46 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Тығыздығы |
▲ 1618 адам (243) 6.19 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ • Қорытынды (2005) • Жан басына шаққанда |
7.6 млн $ (230) 5800 $ | ||||
Валютасы | Жаңа Зеландия доллары (NZD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .nu | ||||
ISO коды | NU | ||||
Телефон коды | +683 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC-11 |
Ниуэ (ағылш. Niue [ˈnjuːeɪ]) — Жаңа Зеландияның иелігіндегі оңтүстік Тынық мұхитында орналасқан арал.
Ниуэ – дүние жүзіндегі ең ірі маржанды арал. Метрополиядан 2500 км-дей қашықтықта, Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде, Полинезияда[1] орналасқан. Аумағы 259 км². Халқы — 1800 адам (2005), әкімшілік орталығы – Алофи. Аралдың ішіндегі үстірттің биікт. 60 м-ге дейін жетеді. Халқының негізгі бөлігі қалың пальма ормандары өскен жағалаудағы құнарлы жерлерге шоғырлана қоныстанған. Аумағының 1/4-і егіншілікке жарамды. Мұнда банан мен кокос өсіріледі. Өзендер мен бұлақтар жоқ. Сондықтан арал тұрғындары жаңбыр суын жинап, сақтайды.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 2000 мм-ге жетеді. Жыл бойы температура 20-28 °C (68-82 °F) аралығында ауытқиды.
Жоғары ылғалдылық, әсіресе жаңбырлы маусымда басым, ол жайсыздық тудыруы мүмкін.
Жаңбырлы маусым қараша айынан сәуірге дейін созылады, бұл кезде қатты жаңбырлар мен дауылдар болуы мүмкін.
Туризм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аралға жылына 800-дей турист демалуға келеді. Ниуэ аралына тікелей рейстер шектеулі, бұл туристердің келуін қиындатады.
Маркетингтің жеткіліксіздігі: Ниуэ аралы туристер арасында жеткілікті дәрежеде танымал емес.
Даму бағыттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қонақ үйлер, резорты, және туристерге арналған басқа инфрақұрылымды дамыту қажет.
Ниуэге тікелей рейстер санын арттыру қажет.
Ниуэ аралын туристер арасында танымалдату және маркетингтік стратегияларды жақсарту қажет.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аралды 1774 жылы Джеймс Кук ашқан. Ниуэге алғашқы ағылшындар 1830 жылы келді. 19 ғасырда Еуропалықтардың келуімен аралдағы христиан діні таралып, сауда-саттық жақсарып, сонымен қатар еуропалықтармен қақтығыстар мен жер таласы басталды.
1900 жылы Ниуэ аралы Жаңа Зеландияның қорғауына берілді.
1901 жылы Ниуэ Жаңа Зеландияның “біріккен территориясы” болып жарияланды.
1904 жылы Ниуэде бірінші мекемелік билік құрылды.1966 жылы Ниуэ Жаңа Зеландия билігінен “өзін-өзі басқаратын ассоциация” статусын алды.
1974 жылы Ниуэ конституциясы қабылданды және Ниуэде өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасты.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Экспортының негізін кокос жаңғақтары, копра, бал мен жемістер құрайды. Ниуэ аралдарында балық аулау маңызды рөл атқарады, бірақ ресурстар шектеулі. Жаңа Зеландия Ниуэге елеулі қаржы көмегін береді, бұл аралдың экономикасын қолдау үшін маңызды рөл атқарады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая иллюстрированная энциклопедия географии, М., 2005
|