Мазмұнға өту

Нуклеотидтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Нуклеотидтер
Жалпы мәліметтері
Физикалық қасиеттері
Классификациясы
ChEBI

36976

Егер басқаша көрсетілмесе, деректер стандартты жағдайлар (25 °C, 100 кПа) үшін беріледі.

Нуклеотидтернуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.

Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:

  1. көміртектің бес атомы бар қант (ДНҚ молекуласында дезоксирибоза, ал РНҚ-да – рибоза);
  2. қанттың 1-көміртек атомымен ковалентті байланысқан пуриндік немесе пиримидиндік азоттық негізі. Бұл екі бөлік бірігіп нуклеозид деп аталатын құрылым түзеді. ДНҚ молекуласының құрамына пуринді негіздер – аденин (А), гуанин (Г) және пиримидинді негіздер – цитозин (Ц), тимин (Т) кіреді. РНҚ-ны да осы негіздер құрайды, тек тиминнің орнына мұнда урацил (У) болады (Т урацилден метилдік топ [–СН3] арқылы ажыратылады).
  3. Нуклеотидтердің 3-бөлігін фосфатты топтар (фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдығы) құрайды. Фосфатты топтар бір қанттың 5-көміртегі атомымен келесі қанттың 3-көміртегі атомы арасында фосфодиэфирлік байланыстар құру арқылы полимерлі тізбек түзеді. Нуклеотидтерді кейде нуклеозид-5-монофосфат деп атайды. Мыс., аденин негізді нуклеотидті аденозин-5-монофосфат, гуанин негізді нуклеотидті гуанозин-5-монофосфат, т.с.с. Н. түссіз кристалл, суда жақсы ериді, органик. еріткіштерде ерімейді, металдармен, негіздермен тұз түзеді. Нуклеотидтер жоғары энергиялы қосылыстар болғандықтан организмдегі энергия алмасу мен жинаудағы маңызы зор.

Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышқылы (РНҚ). ДНҚ өзінің репликациясын (екі еселенуін) қамтамасыз ете алады. ДНҚ ақпараттық РНҚ (аРНҚ) синтезделуін қамтамасыз етеді және аРНҚ арқылы нәруыз синтезін бақылайды.

Нуклеотидтер құрылысы

Нуклеотидтер - ДНҚ мен РНҚ-ның құрам бөліктері. ДНҚ молекуласындагы әрбір нуклеотид үш компоненттен тұрады: тимин, аденин, гуанин, және цитозин, азот қосылыстары, 5 мүшелі көміртекті көмірсулар, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. РНҚ, да көмірсулардан рибоза бар, ап азот қосылысынан тимин урацилмен алмасқан.[1]

1955 жылы Сеймур Бензер ДНҚ құрылымындағы өздігінен немесе индукцияланған мутацияға ұшырауы мүмкін ең кішкентай элементті белгілеу үшін мутон терминін және рекомбинацияның ең кіші бірлігін белгілеу үшін — рекон терминін енгізді. Қазір мутацияның ең кіші бірлігі бір нуклеотид (немесе нуклеотид ішіндегі бір азотты негіз) болып табылатыны және көрші нуклеотидтер арасында рекомбинация мүмкін болатыны дәлелденді, сондықтан бұл терминдер енді қолданылмайды және тек тарихи мағынаға ие.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3