Нұт
Нұт | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(лат. Cicer arietinum)
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Нұт (лат. Cicer arietinum) - Бұршақ тұқымдасына жататын тағамдық өсімдік[1].
Билогиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Біржылдық өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 20 см-ден 70 см-ге дейін болады. Жапырақтары тақ қауырсын тәрізді. Жемісі құрғақ - 1-2 дәнді кейде 4 дәнді бұршаққап. Дәндерінің диаметрі 0,5 - 1,5 см. салмағы 150-300 гр. Түсі сарыдан қоңырға дейін болады. Дәндерінің пішіні қойдың басы немесе үкі тәрізді. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырай, тұқымдары шашылады.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нұт дүниежүзінің 30 елінде өседі. Көбіне (90%) тропикалық және субтропикалық Азия - Үндістан, Қытай, Пәкістанда өсіріледі. Африка (Марокко, Тунис, Эфиопия) және Америкада (Колумбия, Мексика) аз мөлшерлерде өсіріледі. Орташа есепбен 1 гектардан 0,6-0,8 тона алынады.
Химиялық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нұт дәндеріде 20-30% ақуыз, 50-60% углеводтар, 7% майлар бар. Құрамында мырыш, фолий қышқылы, лизин аминоқышқылы, В-1 және В-6 витаминдер табылған.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нұт Орта Азия, солтүстік Африка және Солтүстік Америкада көп қолданылатын тағамдық өсімдік. Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан өсімдіктің дәнінен басқа шөбі мал азығына пайдаланылады[2].
Өндірісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нұт өндірісі, мың тонна | |||
---|---|---|---|
Ел | 1985 | 1995 | 2005 |
Үндістан | 4561 | 6436 | 6000 |
Пәкістан | 524 | 559 | 868 |
Түркия | 400 | 730 | 610 |
Иран | 122 | 355 | 310 |
Мексика | 139 | 167 | 240 |
Мьянма | 138 | 76 | 230 |
Австралия | 36 | 287 | 189 |
Эфиопия | 0 | 125 | 135 |
Канада | 0 | 1 | 98 |
Сирия | 50 | 54 | 55 |
-
Сабағы мен гүлі
-
Жемісі мен дәні
-
Өсуі
-
Ақ (еуропалық) және қара (үнді) нұттың дәндері
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Нұт |