Окоп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Окоп немесе Жертаса – атыс позициясы ретінде немесе зақымдау құралдарынан жеке жауынгерлер мен бөлімшені қалқалайтын қарапайым баспана ретінде қолданылатын қазылған орын.[1] Оның атысқа (бір адамдық, бөлімшелік), пулеметке, зеңбірекке, минометке, танкіге арналған түрлері болады.

A.
Орыс жауынгерлерінің окобы.

Ашық ордан (траншея), үйіндіден, атқыштарға арналған ұядан немесе қару (зеңбірек, пулемет, т.б.) орналастыратын алаңшадан тұрады. Окоптың қабырғалары құламау үшін шыммен, шыбықпен, тақтаймен, топырақ салынған қаппен бекітіледі. Батпақты немесе таулы (қатты жынысты) жерлерде үйінді окоп, қары қалың жерлерде қардан үйілген окоп жасайды. Кейбір окоптар бүркемеленеді. Окоп ұрыстың барлық түрлерінде, әсіресе, қорғаныста кең қолданылады. Окопты әскерлердің өзі қысқа мерзімде, көп жағдайда жау оғының астында қазып алады. Қазіргі жағдайда қорғаныста окопты қазу үшін арнаулы қопарғыш миналар, жер қазғыш машиналар, бульдозерлік жабдықтар пайдаланылады.

A.
Окоптың сызбанұсқасы.

Ішкі сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
A.
Орыс әскерлері.
A.
Аустралиялық мергендер.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы 7- том