Оқ–дәрі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Оқ–дәрі немесе қара оқ-дәрі — снарядтар, патрондар жасауда, сондай-ақ қопару, жару жұмыстарында қолданылатын жарылғыш заттек.

Оқ–дәрінің бастапқы және негізгі құрамдастары — күкірт, ағаш көмір және калий нитраты (селитра). Күкірт пен ағаш көмір отын ретінде, ал селитра тотықтырғаш міндетін атқарады[1][2]. Оқ–дәрі әскрери ісінде снарядтар мен патрондар үшін, құрылыста жарылғыш зат ретінде және пиротехникада қолданылады.

Оқ–дәрі жарылған кездегі температура 427-464 °C–қа дейін барады (801-867 °F). рН 6,0-8,0.ерімейтін материал[3].

Оқ-дәрі әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оқ–дәрі әсері — ұрыста қолдану кезіндегі оқ-дәрінің шығаратын тиімділігі. Оқ–дәрі әсері — жандырғыш, кумулятивті, жарықшақты, екпінді, фугасты (негізгі оқ-дәрілер), жарықтандырғыш, белгі беруші, кедергі типтес және басқалар (арнайы тағайындалған оқ-дәрілер) болып бөлінеді.

Алғашқы рет оқ-дәрі 9 ғ–да Қытайда шығарылған деп есептеледі[4][5]. Қытайдан Таяу Шығысқа, Отра Азияға тарап, еӊ соӊынан Еуропаға жеткен. Еуропалықтардыӊ жазбаларындағы оқ-дәрі туралы алғашқы мәлімет 13 ғ. ағылшын философ Роджер Бэконныӊ еӊбектерінде табылған.

XIX ғ–дыӊ ортасына дейін, яғни 500 жылдай, оқ-дәрі адамзаттыӊ ойлап тапқан жалғыз жарылғыш заттегі болып келген. Тек қана 1890-шы жылдары оқ-дәрініӊ орнын жетілген жарылғыш заттар, мысалы, түтінсіз оқ-дәрісініӊ түрлері шыға бастады. Қазіргі таӊда қара оқ-дәрі көбіне пиротехникада, әуесқой аӊшылардыӊ мылтықтарында, әскери ісінде тек қана кейбір ату жарақаттарында қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Jai Prakash Agrawal High Energy Materials: Propellants, Explosives and Pyrotechnics — Wiley-VCH, 2010. — P. 69. — ISBN 978-3-527-32610-5.
  2. David Cressy, Saltpeter: The Mother of Gunpowder (Oxford University Press, 2013)
  3. Owen Compliance Services. "Black Powder". Material Safety Data Sheet. http://www3.nd.edu/~aiaa/usli/documents/BP%20MSDS.pdf. Retrieved 31 тамыз 2014. 
  4. http://www.history.com/shows/ancient-discoveries/articles/who-built-it-first-2
  5. http://chemistry.about.com/od/historyofchemistry/a/gunpowder.htm Мұрағатталған 28 сәуірдің 2016 жылы.