Посткеңестік кеңістік
Посткеңестік кеңістік, немесе сондай-ақ бұрынғы КСРО құрамындағы республикалар, ТМД және Балтық маңы (Балтық теңізі жағалауындағы елдер) елдері — бұл КСРО-ның ыдыру кезеңінде, яғни, 1991 жылы тәуелсіздіктерін алған мемлекеттер.
Мемлекеттер және географиялық аймақтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізінен посткеңестік мемлекеттерді келесі бес топқа бөледі:
Тарихи байланыстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресей шығыс-славян посткеңестік мемлекеттерімен тарихи тығыз байланыста, себебі Ресейдің мемлекеттілігі олардың шекарасында құрылды. Олардың түпкі тамыры — Киев Русі.
Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ Ресей империясына тек XVIII және XIX ғасырларда ғана қосылды.
ТМД және Балтық елдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 жылға дейін «ТМД және Балтық маңы елдері» шекарасы ұғымы «посткеңестік кеңістік» атты ұғыммен тең болған. 2009 жылы Грузия ТМД құрамынан шығып кетті, ал 2018 жылы соның ізінше Украина да шықты.
Бұл тіркес 1991 жылдың желтоқсанынан кейін, Балтық жағалауы республикалары (Латвия, Литва, Эстония) ТМД-ға (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) кіруден бас тартқан кезде пайда болды. Бұл елдер тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеуге арналған аймақтық халықаралық ұйымға кіруден бас тартты.
Мемлекеттердің қазіргі басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мемлекет басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үкімет басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1991—2007 жж. жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) өзгерістер[1]
Мемлекет | 1991* | 1996 | 2001 | 2006 | 2011 | Айналымдағы жыл** |
---|---|---|---|---|---|---|
Шығыс Еуропа елдері | ||||||
Ресей | 100 | 63.1 | 74.5 | 103.3 | 118.3 | 1997 |
Украина | 100 | 47.2 | 51.8 | 73.7 | 75.9 | 2000 |
Беларусь | 100 | 67.9 | 94.0 | 141.5 | 192.5 | 1996 |
Молдова | 100 | 45.2 | 45.0 | 62.5 | 74.5 | 1997 |
Балтық елдері | ||||||
Эстония | 100 | ? | ? | ? | ? | ? |
Латвия | 100 | 67.8 | 92.9 | 143.1 | 130.1 | 1993 |
Литва | 100 | 64.6 | 81.5 | 119.8 | 123.9 | 1995 |
Орталық Азия | ||||||
Қазақстан | 100 | 69.3 | 88.5 | 141.4 | 185.7 | 1996 |
Қырғызстан | 100 | 58.9 | 76.1 | 89.6 | 114.4 | 1996 |
Тәжікстан | 100 | 34.1 | 45.2 | 56.0 | 98.1 | 1997 |
Түрікменстан | 100 | 68.4 | 107.7 | 215.5 | 351.8 | 1998 |
Өзбекстан | 100 | 82.9 | 102.6 | 137.5 | 208.4 | 1996 |
Оңтүстік Кавказ | ||||||
Армения | 100 | 63.3 | 84.2 | 154.7 | 172.5 | 1994 |
Әзірбайжан | 100 | 42.7 | 65.2 | 150.2 | 241.1 | 1996 |
Грузия | 100 | 39.8 | 49.8 | 74.1 | 93.2 | 1995 |
Дамуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адам даму индексі бойынша реттеліп жазылған посткеңестік елдер тізімі:
Өте жоғарғы индекс:
Жоғарғы индекс:
- Беларусь: 0.793
- Ресей: 0.788
- Қазақстан: 0.754
- Грузия: 0.745
- Украина: 0.740
- Әзірбайжан: 0.734
- Армения: 0.729
Орташа адам даму индексі
- Түрікменстан: 0.698
- Молдова: 0.660
- Өзбекстан: 0.654
- Қырғызстан: 0.622
- Тәжікстан: 0.622