Румындар
Румындар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
23 917 245 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Румыния |
16 870 000 (2011) |
Молдова |
192 000 |
Украина |
150 989 |
АҚШ |
518 653 |
Ресей |
5 308 |
Италия |
604 832 |
Тілдері | |
Діні | |
православие, протестанттар мен католиктер |
Румындар (өз атауы — ромынь; өздерінше атауы, латын тіліндегі романус – «римдік») — ұлт, Румынияның байырғы және негізгі халқы. Венгрия, Болгария, АҚШ, Канада, т.б. мемлекеттерде тұрады. Жалпы саны 23,8 млн. адамнан астам (2004), оның ішінде Румынияда 19 млн., қалғандары басқа елдерде. Антропологиялық жағынан үлкен еуропалық нәсілдегі үнді-жерортатеңіздік тобының понтий түріне жатады; таулы аймақтарда балкан-кавказ нәсілінің динар түрі басымдау. Роман тобының шығыс тармақшасындағы румын тілінде сөйлейді. Бірнеше говорлары (мунтян, банат, кришан, т.б.) бар. Көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады.
Румын тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Румын тілі тілдердің үндіеуропалық семьясы роман тобының балқан-роман топшасына жасады. Мынадай диалектілер ерекшеленеді: банаттық, кришандық, мунтяндық, молдавиялық (Молдова тарихи өлкесінің диалектісі), марамурештік Лексикада оңтүстік славяндықтардың әсері күшті. Румын тілі балқандық тілдік одаққа кіреді. Алғашқы ескерткіштері (хаттар, іскерлік қағазадар, діни мәтіндердің аудармалары) 17 ғасырдағы басына жатады (тарихи жылнамалар). Көркем әдебиет 18 ғасырдың аяғынан бастап пайда бола бастайды. Алғашында кириллицалық алфавит қолданылып, 1860 жылы латын алфавитіне ауысытырылды.
Діни сенімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діни сенімдері — православиеліктер, протестанттар мен католиктер де бар. Румындар үлкен европеоидтық нәсілдің үнді-жерортатеңізі нәсілінің понтийлік типіне жатады; таулы аудандарында үлкен европеоидтық нәсілдің балқандық-кавказдық нәсілінің динарлық антропологиялық типтері бар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Румын этносының негізінде геттер мен дактардың фракийлік тайпалары жатыр. Румындардың ата-бабаларының қалыптасуының маңызды кезеңі олардың жерлерінде Мезия (б.д.д. 1 ғ. – б.д. 5 ғ.) және Дакия (б.д. 2-3 ғғ.) провинциялары құрылған Рим империясы кезеңіндегі гет-дактардың романдануы болды. 6 ғасырға қарай материалдық және рухани мәдениетіне әсер еткен славяндармен байланысқа түскен дак-романдық этностық қоғам құрылды. Төменгі Дунайдың сол жағалауындағы славяндардың көп бөлігі роман тілді халықпен сіңісіп кетті. Б.д. 1-ші және 2-ші мыңжылдықтары шегінде шығыс романдық волохтық этностық қоғамы құрылды. 14 ғасыр бұл жерлерде Молдавия және Валаш княздіктерінің құрылуының басы болды, кейін оларды Осман империясы басып алды. Содан кейін оларға Трансильвания қосылды. 19 ғасырға дейін бұл аудандар азаттық үшін күресті, бірақ бұл әрекеттерді түрік, содан кейін австриялық әскерлер басып тастады. Молдавия мен Валахия кейін Осман ықпалымен біртұтас княздікке айналды. Орыс-түрік соғысынан кейін Румынияның тәуелсіздігі жарияланды.
Дәстүрлі шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі шаруашылығы – жер жырту, жүзім шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, 19 ғ. басына дейін жетекші шаруашылық мал шаруашылығы (ірі-қара және ұсақ мал) болды. Көркемдік қолөнер – тігін ісі, кілем тоқу, кестелеу, қыш, тас және ағаш ою, тері өңдеу жақсы дамыған.
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әйелдер киімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әйелдер киімі — туника тәрізді пішілген ақ кенеп жейде (кэмашэ) немесе қысқа көкірекше (ие), белдікті киім – түрлі-түсті жүн белдемше (катринцэ) немесе жанында қиығы бар бүрмелі белдемше (вылник); бай өрнектелген жіңішке тігілген белбеу және алдынан және артынан киілетін 2 алжапқыш (фотэ); жеңсіз көкірекше – шұғадан (илик) немесе аң терісінен (кожок) тігілген; бастарына – жібектен жамылғы (марамэ), орамал немесе чепец (чяпсэ) киеді.
Ерлер костюмы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерлер костюмы – туника тәрзідес немесе инішті кенеп жейде; ақ кенеп немесе жүн шалбар, былғары немесе жүн жуан белбеу және жеңсіз. Бас киімдері – елтірі бөрік, киіз, фетр немесе сабан қалпақ. Аяқ киімдері – шылғи постол. Қыста еркектер мен әйелдер шұға свиталар немесе қой терісінен жасалған тондар киеді.
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі тағамдары — жүгері ұнынан мамалыга және жұқа нан (мэлай), борщ (чор-бэ), козонак – куличтің бір түрі, ынвыртитэ – қаттамалы қамырдан ішіне қант немесе жидек қосылған ұнтақталған жаңғақ салынып жасалған қалаш, тор-грэтареда пісірілген ет және балық.
Рождествоға, Жаңа жылға және үйлену тойына өрілген қалаш (колак) пісіреді. Орамжапырақ немесе жүзім жапырақтарында голубцы дайындайды. Қуырдақ (токанэ), дроб – марқаның ішек-қарнынан дайындалатын тағам. Қолдан жасалатын жүзім шараптары және арақ – цуйка кең таралған. Румындардың халық ауыз әдебиеті эпикалық жырларға, ертегілерге, мақал-мәтлдерге, лирикалық әндер – дойналарға өте бай; 2 мыңға жуық билері (қол ұстасып билейтін, жұптық, шеңберлік, қатарлы) бар. Анағұрлым кең тараған музыкалық аспаптары: бучум – ұзын бақташылық керней, най - әр түрлі көлемді бірнеше сырнайдың біріктірілген жүйесі.
Қазақстандағы румындар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандағы румын диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
- 872 (1970 ж.),
- 846 (1979 ж.),
- 941 (1989 ж.),
- 594 (1999 ж.),
- 421 (2009) адам.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 172-бет.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |