Семестр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Семестр (латынша semestrіsалты айлық) — жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу жылының жартысы.

Семестр әрбір оқу орнының оқыту мерзіміне орай белгіленеді. Мәселен, медициналық жоғары оқу орнында оқу мерзімі 6 жыл болса, ол 12 семестрге бөлінеді. Студенттер мен оқушылардың жарты жылдық білімдері семестр біткенде емтихан мен сынақ арқылы қорытындыланады.