Сомали

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 6°11′00″ с. е. 47°00′00″ ш. б. / 6.18333° с. е. 47.00000° ш. б. / 6.18333; 47.00000 (G) (O) (Я)
Сомали Федератиті Республикасы
Үлгі:Lang-so
араб.: جمهورية الصومال الفدرالية
(Jumhūrīyat aṣ-Ṣūmāl al-Fidirālīyah)
Герб
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Qolobaa Calankeed»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 1960 жыл (Ұлыбритания және Италиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері сомали тілі, араб тілі
Елорда Могадишо
Ірі қалалары Могадишо, Харгейса
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Премьер-министр
Мохамед Абдуллахи Мохамед
Хассан Али Хайре
Мемлекеттік діні Ислам Әһл әс-Сунна бағыты
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 43-ші орын
637 657 км²
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

11 031 386 адам (76-шы)
19,31[1] адам/км² (199-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

36,564 млрд. $
2,454 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

17,405 млрд. $ (184-ші)
1,671 $ (193-ші)
Валютасы сомали шиллингі
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .so
ISO коды SO
ХОК коды SOM
Телефон коды +252
Уақыт белдеулері UTC+3:00 және Africa/Mogadishu

Сомали (Үлгі:Lang-so, араб.: الصومالэс-Сумаль), ресми атауы — Сомали Федератиті РеспубликасыАфриканың солтүстік-шығысындағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 637,7 мың км2. Халқы 16 186 504 адам (2005). Астанасы – Могадишо қаласы Халқының 98%-ға жуығы сомалиліктер, олардан басқа арабтар, суахилиліктер, италиялықтар, үнділер, амхарлар тұрады. Ресми тілі – сомали, араб тілдері. Тұрғындарының 99%-ы мұсылмандар.

Мемлекеттік құрылысы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекет басшысы – президент, жоғары заң шығарушы органы – бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні – 1 шілде (1960). Әкімш. жағынан 18 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – Сомали шиллингі. БҰҰ-ның (1960), Африка бірлігі ұйымының (Африка Одағы) (1963), Араб мемлекеттері лигасының (1974), Ислам конференциясы ұйымының мүшесі.

Жер бедері қыратты жазық болып келеді (500 – 1500 м). Оңтүстік-шығысындағы құмшағылды ойпатты жағалау біртіндеп солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай биіктеп, Сомали тақтасының Қызыл теніз тектоникалық жарығына түйіскен аймағында Аден шығанағымен жалғасады. Ең биік жері елдің солтүстігіндегі УарсанжелиМижуртин тауындағы Шимбирис шыңы (2416 м). Солтүстігінде және оңт.-шығысында үстіртті сәл адырлы келетін ойпаттар қоршап жатады.

Жер аумағы – тропиктік (қиыр солтүстік) және субэкваторлық (орта және оңтүстік бөлігі) климаттық белдеулерде жатыр. Сомали суық ағысының әсерінен климаты құрғақ әрі ыстық. Орташа айлық температура жыл бойы 25 – 32С. Жылдық жауын-шашын мөлшектері солтүстік мен шығысында 50 – 100 мм, оңтүстік мен батысында 500 – 600 мм. Жерінің көп бөлігін астық тұқымдасты өсімдіктер мен бұталы шөлдер алып жатыр. Қрі өзендері – Джубба Уаби-Шэбэлле аз сулы болып келеді. Пайдалы қазбалардан – ниобий және ас тұзын өндіреді. Шұраттарда құрма, кокос пальмалары өседі. Бағалы шайыр беретін эфирлі бұталар көп. Жануарлардан киік, зебр, керік, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, өзен бойында піл, мүйізтұмсық, қабан кездеседі. Өзендерде қолтырауын, бегемот бар. Маймылдар, құстар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер өте көп.

Халқының басым көпшілігі —сомалиліктер. Олармен бірге оңт. аудандарында банту тілі семьясындағы халықтардың азғана тобы — вагоша және суахилилер мекендейді; теңіз жағалауындағы қалаларда арабтар, амхарлар, үнділер және европалықтар (көбінесе итальяндар) тұрады. Маңызды қалалары — Могадишо, Бербера, Харгейса, Кисимайо, Иша-Байдоа

Сомали жерін алғашқы адамдар ежелгі тас дәуірінде-ақ қоныстанған. Біздің заманымызда бас кезінде қалалар пайда болып, арабтармен, үнділермен, гректермен, африкалықтармен сауда-саттық жасалды. 7 – 8 ғасырларда Сомали түбегіне араб мұсылмандары көшіп келіп, жергілікті халықтың дінін, тілі мен мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал жасады. 12 – 19 ғасырларда Сомалиде әр түрлі мұсылман мемлекеттері құрылды, елдің бір бөлігі Оман, Занзибар, Осман сұлтандарының иелігінде болды. 19 ғасырда Еуропа мемлекеттері Сомали түбегін жаулап ала бастады. 20 ғасырдың басында түбек 3 отарға бөлінді (Британ Сомалиі, Француз Сомалиі, Италия Сомалиі). 1949 жылы 21 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Италия Сомалиін 10 жылдық мерзімге халықаралық қамқорлық жүйесіне беру туралы шешім қабылдады. 1960 жылы 26 маусымда Британ Сомалиі тәуелсіз ел деп жарияланды. 1960 жылы 1 шілдеде бұрынғы Британ және Италия Сомалилері бірігіп, тәуелсіз Сомали республикасын құрды. Бірақ халық тұрмысының төмендігі, ішкі этник. жанжалдар, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1991 – 92 жылы азамат соғысы барысында билікке Біріккен Сомали конгресі келді. Ел ішіндегі рулық тартыстар мен қақтығыстар, құрғақшылық апаты және Эфиопиямен арадағы соғыс салдарынан 1 млн-нан астам босқын шетелдерге кетті. 1993 жылы БҰҰ-ның бітімгершілік күштері енгізіліп, аштыққа ұшырағандарға гуманитарлық көмек берілді. 1994 – 95 жылы елде тағы да азамат соғысы болды.

Экономикасы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сомали – экономикасы нашар дамыған аграрлы ел. Экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесі – 65%, ал өнеркәсібі – 10%. Халқының 80%-дан астамы аграрлы шаруасында жұмыс істейді, оның 2/3 бөлігі көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашымен айналысады. Елде 50 млн-ға жуық мал басы бар. Негізінен қой мен ешкі, түйе және ірі қара өсіріледі, ел экспортының 80%-дан астамын мал саудасы құрайды. Егін шаруашылығы негізінен өзен аңғарлары мен тау бөктерлерінде кездеседі (жер аумағының 1,5%-ы). Банан, қант құрағы, мақта, жүгері, тары, күріш, маниок, батат өсірілді. Хош иісті шайыр (камеди, ладана, т.б.) көп жиналады. Елде балық аулау ісі біршама дамыған. Өнеркәсібі – аграрлы шаруашылық шикізатын өңдеумен айналысады: ет және балық консервілеу, сүт және май шайқау, тері-жүн, мақта-мата, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салалары бар. Көбісі ұсақ әрі нашар дамыған қосалқы кәсіпшіліктер. Импортының негізін жанар май, тыңайтқыш, азық-түлік, құрал-жабдық, электроника құрайды. Басты теңіз порттары – Могадишо, Кисимайо, Бербера. Темір жолы жоқ, автомобиль жолдарының ұзындығы 20 мың км-ден астам. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 550 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері Сауд Арабиясы, АҚШ, Йемен, Кения, Еуроодақ елдері.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. UNFPA Somali Population Survey 2014. Somalia.unfpa.org (6 April 2014). Retrieved 6 October 2016.