Мазмұнға өту

Сән

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан сән апталығының басты трендтері

Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).

Көне дәуірлерде киімнің (сән үлгілерінің) пайда болу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді. Дегенмен біле білсек, сәндік, сәндену деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері сәндік іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге сән әлемі келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған мода 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің кішкентай қара көйлек ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды.[1]

Орта ғасырларда өмірге келген ең алғашқы сән үлгілерінің пайда болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
XVIII ғасырда өмір сүрген Луис XVI әйелі сәннің көшбашсышы Мария-Антуанетта

Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті. Бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік мұнараны еске салады. ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.

Сәнге байланысты маңызды ұғымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. раковина таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады, тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды. Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.

Түзу силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. Трапеция силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді.

Үшбұрыш силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. Сопақ және Жартышар силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш. Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлшектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.

Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді. Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.

2. Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

3. Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).

4. Пропорциякөйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.

Киім стильдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Романтикалық стиль сәні

Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.

Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Классикалық стиль: • Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы; • Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата; • Түстері қатты ашық емес және нәзік; • Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды; • Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.

Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.

Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.[2]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сән 2014. Сәнді киімдер мен аяқ киімдердің суреттері Мұрағатталған 14 ақпанның 2014 жылы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сән әлемінің тарихынан.
  2. Стиль, сән және костюм туралы түсінік.