Формалин
Формалин, формаль — формальдегидтің судағы 37 — 40%-дық ерітіндісі.
Формалинді полимерленуден сақтау үшін 4 — 12%-дай метил спирті қосылады. Сондықтан 1%-дық метанол деп те атайды. Формалин түссіз, өткір иісті сұйықтық. Ұзақ сақталса (әсіресе суықта) ақ түсті тұнба параформальдегид (параформ) түзіп лайланады. Формалиннің микробтарға қарсы әсері және денені тітіркендіру қабілеті болғандықтан клетка протоплазмасындағы белокпен әрекеттесіп, оны ұйытады және клетканы өлтіреді. Формалин ауланы, киімдерді, ыдыстарды дезинфекциялау ісінде пайдаланылады. Ол зертханаларда анатомилық және микроскопиялық препараттарды сақтауда, ауыл шаруашылығында тұқымды дәрілеу үшін, парниктерді, әр түрлі құбырларды дезинфекциялауда, тері илеуде, фенол-фармальдегидті шайырлар алуда қолданылады.
Формалиннен формальдегид алады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |