Фракиялықтар
ФРАКИЯЛЫҚТАР — ежелгі заманда Балкан түбегінің солтүстік-шығысын мекендеген үндіеуропалық тайпалардың жалпы атауы. Біздің заманымыздан 1-мыңжылдықта олар Балкан түбегінің солтүстік-шығысын, сонымен бірге Кіші Азияның солтүстік-батысын қоныстанған. Фракиялықтарға гет, бесс, одрис, дак, трибалл, т.б. тайпалар кіреді. Бастапқыда фракиялықтар Адриат т-не дейінгі аймақты қоныстанған, бірақ біздің заманымыздан 13 ғ. шамасында оларды илларийліктер шығысқа қарай ығыстырған. Фракиялықтар егін және мал шаруашымен шұғылданды (көбіне жылқы өсірді), металл өңдеу және қыш өндірісін дамытты. Біздің заманымыздан 342 ж. Оңтүстік Фракия тайпаларын Македония патшасы Филипп ҚҚ басып алды. Біздің заманымыздан 356 — 281 ж. олар А.Македонский құрған империяға, ол ыдырағаннан кейін грек-македон мемлекеттеріне бағынды. Біраз уақыт тәуелсіздікке қол жеткізеді (қ. Фракия). Біздің заманымыздан 3 ғасырдыңдың аяқ кезінен бастап Македонияға бағынды. Үшінші Македон соғысынан (біздің заманымыздан 171 — 168 ж.) кейін Фракиялықтарға Македония қарамағынан біржолата шығады. Біздің заманымыздан 1 ғ-дың ортасында римдіктермен күрес жүргізеді. Біздің заманымыздың 1 ғасырда Фракияның негізгі аумағы Рим провинциясына айналды. Ұлы қоныс аудару дәуірінде Фракиялықтар басқалармен араласып, кейіннен бірқатар халықтардың (болгар, румын, т.б.) этногенезінде елеулі рөл атқарды, Фракиялықтардан сан алуан археологиялық олжалар (басараби мәдениеті, т.б.) сақталып қалған. Біздің заманымыздан 6 — 5 ғасырлардан олар скиф мәдениетімен байланысқа түскендіктен, аң стилі дамыған. Археологиялық мәліметтер мен жазба деректемелер Фракиялықтардың гректермен, әсіресе, афиналықтармен кең көлемде сауда-саттық қатынастар жүргізгендігін айғақтайды.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |