Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі
Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі | |
FIFA Club World Cup logo.png | |
Мемлекет | |
---|---|
Қаланған |
2000 (2005 қазіргі үлгіде) |
Командалар саны |
7 |
Әрекеттегі чемпион |
Манчестер Сити (1 титулы бар) |
Атағы ең көп |
Реал Мадрид (5 рет) |
Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі 2023 |
Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі немесе Клубтар арасындағы әлем кубогы (ағыл. FIFA Club World Cup) — құрлықтық басты турнирлерде озып шыққан командалар бас қосатын ФИФА-ға қарасты турнир. Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1960-2004 жылдары Оңтүстік Америка мен Еуропаның басты клубтық турнирлерінде озып шыққан мықты клубтары қатысатын Құрлықаралық кубок өткізіліп келді. Кейін әлемдегі мықты клубты анықтау жарысына қатысуға басқа құрлықта да озып шыққан командалардың құқы бар екені ескеріліп, Клубтар әлем чемпионатын ұйымдастыру идеясы жүзеге асты да, алғашқы жарыс 2000 жылы Бразилияда ұйымдастырылды. Алғашқы атауы ФИФА Клубтар әлем чемпионаты.
Екінші турнир 2001 жылы Испанияда өтуі тиіс еді. Бірақ қаржылық мәселелерге орай өтпей қалды да, 2005 жылға дейін ұйымдастырылмады. Сол аралықта есесіне Либертадорес кубогы мен УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпаздарының арасында Құрлықаралық кубок ойналып жатты.
2005 жылы барлық конфедерациялар өкілдері қатысқан турнир екінші рет ұйымдастырылды. Содан бері желтоқсан айында тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Клубтар арасындағы әлем чемпионаты дәстүрлі турнирге айналған соң құрлықаралық кубокты өткізудің қажеті болмай қалды.
2024 жылдан бастап турнир атауы Футболдан құрлықаралық кубок болып өзгерді. Ал клубтар әлем чемпионаты 2025 жылдан бастап төрт жылда бір ойналатын болды.
Жеңімпаздары және жүлдегерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қатысушылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтар бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мемлекеттер бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мемлекет | Жеңімпаз | Финалист | 3-ші | 4-ші |
---|---|---|---|---|
Испания | 8 (2009, 2011, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2022) | 1 (2006) | 1 (2000) | |
Бразилия | 4 (2000, 2005, 2006, 2012) | 7 (2000, 2011, 2017, 2019, 2020, 2021, 2023) | 2 (2010, 2013) | |
Англия | 4 (2008, 2019, 2021, 2023) | 2 (2005, 2012) | ||
Италия | 2 (2007, 2010) | |||
Германия | 2 (2013, 2020) | |||
Аргентина | 4 (2007, 2009, 2014, 2015) | 1 (2018) | ||
Эквадор | 1 (2008) | |||
БАӘ | 1 (2018) | 1 (2017) | ||
Конго ДР | 1 (2010) | |||
Марокко | 1 (2013) | |||
Жапония | 1 (2016) | 3 (2007, 2008, 2015) | 2 (2011, 2018) | |
Мексика | 4 (2000, 2012, 2017, 2019) | 5 (2006, 2008, 2009, 2014, 2016) | ||
Оңтүстік Корея | 1 (2009) | 1 (2010) | ||
Жаңа Зеландия | 1 (2014) | |||
Мысыр | 1 (2006) | 1 (2012) | ||
Коста-Рика | 1 (2005) | |||
Катар | 1 (2011) | |||
Колумбия | 1 (2016) | |||
Қытай | 2 (2013, 2015) | |||
Сауд Арабиясы | 1 (2022) | 2 (2005, 2019) | ||
Тунис | 1 (2007) |
Конфедерациялар бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Конфедерация | Жеңімпаз | Финалист | 3-ші | 4-ші |
---|---|---|---|---|
УЕФА | 14 (2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021) | 3 (2005, 2006, 2012) | 1 (2000) | |
КОНМЕБОЛ | 4 (2000, 2005, 2006, 2012) | 10 (2000, 2007, 2008, 2009, 2011, 2014, 2015, 2017, 2019, 2021) | 3 (2010, 2013, 2016, 2018) | |
КАФ | 2 (2010, 2013) | 2 (2006, 2021) | 2 (2007, 2012) | |
АФК | 1 (2016, 2018) | 5 (2007, 2008, 2009, 2011, 2015) | 9 (2005, 2010, 2011, 2013, 2015, 2017, 2018, 2019, 2021) | |
КОНКАКАФ | 5 (2000, 2005, 2012, 2017, 2019) | 5 (2006, 2008, 2009, 2014, 2016) | ||
ОФК | 1 (2014) |
|