Мазмұнға өту

Цемент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Цемент зауыты

Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқырғыш материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.[1]

Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластикалық күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeменттің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeменттің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төм. негізді кальций алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т.б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.[2]

Цементтің маркалары: 200, 300, 400, 500, 600.

Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалғыз Шу цемент з-ты ғана болды. Кейін Састөбе (1952 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953 жыл), Шымкент (1958 жыл), Семей (1958 жыл) және Өскемен (1961 жыл) цемент зауыттары іске қосылды. Цемент өндірісін дамыту және қолдану мәселелерін шешуде қазақстандық ғалымдар: Г. Аяпов, Б.Пәрімбетов, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Батырбаев, М.П.Сытин, И.Г. Лугин, т.б. көп еңбек сіңірді.[3]

Қазақстандағы цемент өнеркәсібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда Ұлы Отан соғысынан кейінгі бесжылдықтарда қалыптасты. Қазақстандағы жылдық қуаты 70 мың Вольт болатын тұңғыш Шымкент облысында орналасқан Састөбе цемент зауыты 1952 жылы өз жұмысын бастады. Қазақстан цемент өндіру көлемі жағынан Украинадан кейінгі жетекші орындарды алады. Цемент өндірісінің бұлай өсу көлеміне қарай оның түрлері де елімізде көбейе бастаған. Цементтің құрылыс өндірісінің арнайы талаптарына сәйкес келетін бірқатар жаңа түрлері өндіріле бастады. Соның ішінде Портландцемент өндіру және оның жаңа технологиясы танымал болды. Портдландцемент гидротехникалық және жерасты құрылыстарына арналған, сульфатқа төзімді жоғары сапалы цемент және тез қатады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  3. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9
  4. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-