Шолпан (ғаламшар)
Шолпанныың шын түсі | ||||||||||
Орбиталық сипаттамасы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дәуірі J2000 | ||||||||||
Афелиі: | 108,942,109 km 0.72823128 AU | |||||||||
Перигелиі: | 107,476,259 km 0.71843270 AU | |||||||||
Үлкен жарты осі: | 108,208,930 km 0.723332 AU | |||||||||
Эксцентриситет: | 0.0068 | |||||||||
Орбитамен айналу: | 224.70069 күн 0.6151970 yr | |||||||||
Ауытқы мезгілі: | 583.92 days | |||||||||
Орташа орбит. жылд-ғы: | 35.02 км/с | |||||||||
Орбитаның қиғаштығы: | 3.39471° Күн экуаторына 3.86° | |||||||||
Үдемелі түйін бойлығы: | 76.67069° | |||||||||
Перигелий аргументі: | 54.85229° | |||||||||
Серіктері: | Жоқ | |||||||||
Физикалық сипаттамалары | ||||||||||
Мағыналы радиусы: | 6051.8 ± 1.0 km[1] 0.9499 Earths | |||||||||
Бет ауқымы: | 4.60×108 km² Жердің 0,902 | |||||||||
Деңгейі: | 9.38×1011 km³ Жердің 0,857 | |||||||||
Массасы: | 4.8685×1024 kg Жердің 0,815 | |||||||||
Тығыздығы: | 5.204 g/cm³ | |||||||||
Экватордағы еркін түсу үдеуі: | 8.87 m/s2 0,904 g | |||||||||
жыту жылдамдығы: | 10.46 км/с | |||||||||
Жұлдыздық айналым мезгілі: | −243.0185 day | |||||||||
Экватордағы айналым тездігі: | 6.52 км/сағ | |||||||||
Біліктік еңкейісі: | 177.36° | |||||||||
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: | 18 h 11 min 2 s 272.76°[2] | |||||||||
Солтүстік полюстің ауытқылауы: | 67.16° | |||||||||
Альбедо: | 0.65 | |||||||||
Беттік темп-сы: Келвин Целсиус |
| |||||||||
Көрінетін жұлд. шама: | up to -4.6[5] | |||||||||
Бұрыштық өлшемі: | 9.7" — 66.0"[5] | |||||||||
Атмосферасы | ||||||||||
Беттік қысымы: | 9.3 MPa | |||||||||
Құрамы: | ~96.5% Carbon dioxide ~3.5% Nitrogen .015% Sulphur dioxide .007% Argon .002% Water vapor .0017% Carbon monoxide .0012% Helium .0007% Neon trace Carbonyl sulfide trace Hydrogen chloride trace Hydrogen fluoride |
Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.
Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі). Жалтырауының максимумы 4,4-жұлдыздық шамаға дейін жетеді. Шолпанның фазаларын (1610 жылы Г.Галилей ашқан) көру қабілеті ерекше жақсы адамдар жай көзбен де байқай алады. Төменгі тоғысуы кезінде Шолпанның бұрыштық диаметрі 64″-қа жетеді. Жер бетінде жүргізілген радиолокациялық бақылаулардың нәтижесі бойынша Шолпанның орташа радиусі 6050±0,5 км, массасы 0,9528 Жер массасындай. Шолпанды қоршаған қою атмосфераның бар екендігін, Шолпанның Күн дискісін басып өту кезін бақылай отырып, алғаш рет М.В. Ломоносов ашқан (1761). Шолпан атмосферасында көмір қышқыл газының (СО2) болатындығы спектроскопиялық жолмен анықталған. Шолпанның температурасы оның бетіне жақындаған сайын арта түсетіндігін Шолпанның төменгі атмосферасында алғаш рет кеңестік “Венера-4” (1967) автоматтық планетааралық стансасында тікелей жүргізілген өлшеулер көрсетті.
“Венера” (КСРО) және “Маринер” (АҚШ) автоматтық планета аралық стансаларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Шолпан планетасы атмосферасының құрамы 97,3% көмірқышқыл газынан, 2%-дан кем азоттан, 0,1%-дан кем оттектен және 1%-дан кем су буынан тұратындығы анықталды. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда Шолпан бетінің жарықтылығы шамамен 10 мың люкске тең. Ел аузында Ай Күнмен үзеңгілес жүретін болса, Шолпан Аймен тетелес келеді.[6]
Салмағы мен тығыздығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шолпан – Күн жүйесіндегі үшінші кіші планета. Мұның диаметрі 12 100 км-ге тең. Салмағы Жер салмағының бестен төрт бөлігіндей және тығыздығы жағынан Жерге қарағанда кішкене төмен.
Шолпанның беті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шолпанның беті ыстық және құрғақ болады. Планетаның шамамен 65 %-ын мыңдаған жанартау таңбалаған жазықтар алып жатыр. Ал қалған бөлігін таулар, кратерлер және төбешіктер алады. Максвелл Монт тауы планетадағы ең биік нүкте болып табылады.
Ең ыстық планета
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шолпан – Күн жүйесіндегі ең ыстық планета. Планетадағы орташа температура шамамен ~800°Ғ тең. Бұл тіпті Меркурийдің температурасынан да жоғары (ал Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета). Шолпанның атмосферасы – барлық планеталардың ішіндегі ең тығызы. Атмосфера көмірқышқыл газынан, азоттан, су буынан, күкірт қос тотығынан және күкірт қышқылы бөлшектерінен тұрады. Аталған химиялық элементтер планетадағы барлық жылуды жинап, оның өте ыстық болуына себеп болады.
Шолпанның меридианнан өтуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шолпанның меридианнан өтуі планета Күн мен Жердің ортасынан тікелей өтіп, Күннің кішкене бөлігін жауып қалған кезде орын алады. Меридианнан өту Күннің тұтылуына, яғни Ай Жер мен Күннің ортасынан өтіп бара жатып, Күннің бір бөлігін жауып қалған кезге ұқсайды. Бұл құбылысты ең алғаш 1639 жылдың 4 желтоқсанында британдық шіркеу қызметкері Джереми Хоррокс пен оның жолдасы Уильям Крабтри байқады. Ең соңғы рет Шолпанның меридианнан өтуі 2004 жылы болды. Бұл оқиғаны әлемдегі көптеген ғалымдар байқап, зерттеді. Шолпанның меридианнан келесі өтуі 2012 жылға болжанған.
=Шолпанның кезеңдері =
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жердің серігі секілді Шолпан да Жерден қарағанда бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Мұндай өзгерулер планетаның Күнді айналуы барысында күн сәулесіне малынуына не қараңғыда қалуына байланысты болады. Шолпанның мұндай кезеңдерін ең алғаш рет 1610 жылы атақты астроном Галилео Галилей байқады.
Шолпан және мифология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шолпан (Венера) махаббат және шұрайлылық құдайы болған. Сонымен қатар ол римдіктердің арғы тегі ретінде саналды. Ол көптеген римдік фестивальдар мен аңыздардың басты кейіпкері болған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Seidelmann, P. Kenneth; Archinal, B. A.; A’hearn, M. F.; et.al. (2007). "Report of the IAU/IAGWorking Group on cartographic coordinates and rotational elements: 2006". Celestial Mechanics and Dynamical Astronomy 90: 155–180. doi:10.1007/s10569-007-9072-y. ISSN 0923-2958. http://adsabs.harvard.edu/doi/10.1007/s10569-007-9072-y. Retrieved 2007-08-28.
- ↑ Report on the IAU/IAG Working Group on cartographic coordinates and rotational elements of the planets and satellites. International Astronomical Union (2000). Тексерілді, 12 сәуір 2007.
- ↑ Venus: Facts & Figures (html). NASA. Тексерілді, 12 сәуір 2007.
- ↑ Space Topics: Compare the Planets: Mercury, Venus, Earth, The Moon, and Mars. Planetary Society. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 қыркүйек 2006. Тексерілді, 12 сәуір 2007.
- ↑ a b Williams, Dr. David R. Venus Fact Sheet. NASA (сәуір 15, 2005). Тексерілді, 12 қазан 2007.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Шолпан (ғаламшар) |
- Venus Profile Мұрағатталған 31 тамыздың 2011 жылы. by NASA's Solar System Exploration
- The Soviet Exploration of Venus, Image catalog
- The Nine Planets: Venus
- NASA page about the Venera missions
- Magellan mission home page
- Pioneer Venus information from NASA
- Detailed information about transits of Venus
- Geody Venus, a search engine for surface features
- Maps of Venus in NASA World Wind Мұрағатталған 6 ақпанның 2015 жылы.
- Chasing Venus, Observing the Transits of Venus Smithsonian Institution Libraries
- Venus Crater Database Lunar and Planetary Institute
- Calculate/show the current phase of Venus Мұрағатталған 22 қыркүйектің 2007 жылы. (U.S. Naval Observatory)
|