Шорт-трек
Шорт-трек, XIX ғасырдың соңына таман пайда болған спорттың бір түрі. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарда күш сынасады. Бірінші орын алған спортшы - 5, екінші орын алған спортшы - 3, үшінші орын алған спортшы - 1 ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік қашықтықтарда мәреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы бәсекеге алдыңғы үш қашықтық боынша бірінші-сегізінші орын алған спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу және финалдық жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп ұпайға ие болған спортшылар жетеді.
Шорт-трек өткен ғасырдың соңғы жылдарында Солтүстік Америкада пайда болса керек. Ағылшындар мұны ойлап шығарған біздер едік, бірақ Англияда өpicтеп кете қоймады да, бір ағылшын онымен канадалықтарды таныстырып сол елде бастау алып кетті дейді.
Бірақ канадалықтар бұған келісе қоймайды, олар: - біздерге шорт-тректі ешқандай ағылшын үйреткен емес, оны ойлап тапқан да, алғаш рет жарыстар ұйымдастырған да өзіміз дейді. Қазір бұлардың қайсысының дұрыс, қайсысының бұрыс екендігін анықтау қиын, бірақ біздердің білетініміз басқаларға қарағанда шорт-тректі дамыту үшін канадалықтардың көп еңбек сіңіргендігі. Канадада алғаш рет жарыс 1905 жылы ұйымдастырылып, жеңіске Фред Логен деген спортшы жетті. Бір жылдан кейін бұл жаңалықты Канаданың оңтүстік көршілері іліп алып кетті. АҚШ-тағы шорт-тректен алғашқы чемпион Моррис Вуд деген кісі болды.
1915 жылы АҚШ пен Канаданың арасында алғашқы халықаралық жарыс өтті. Мұнда канадалық Рассел Уилер жеңіске жетті. Араға он бір жыл салғаннан кейін осындай жолдастық кездесу қайталанып, содан бері үздіксіз өткен жарыс "Солтүстік Америка құрлығының шорт-тректен чемпионаты" деп аталады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |