Қарағай
Қарағай | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|
Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
Күтімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.
Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.
Қазақстанда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Самырсын Қарағайы
-
Самырсын Қарағай Жаңғағы
-
Кәдімгі Қарағай
-
Кәдімгі Қарағай Жаңғағы
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.gulstan.kz/ Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 14 б. ISBN 978-601-7237-07-3
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Pinus |