Құрғақ заң
Құрғақ заң — Этанол бар заттарға толықтай тыйым салуды ( медициналық, ғылыми және өндіріс мақсаттарында қолдану саналмайды) көрсететін термин.
"Құрғақ заң" басқа елдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КСРО
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КСРО-да құрғақ заң бірнеше мәрте енгізіліп отырды. Антиалкогольды қаулының уақытында жылына 5,5 миллион нәресте туған, бұл соңғы 20-30 жылғы көрсеткіштен 500 мыңға көп болған. Әлсіз нәресте саны 8%-ға төмендеген. Ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 2,6 жылға өсті, қылмыс саны күрт азайды.
АҚШ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Америкада "құрғақ заңды" енгізу жөніндегі әңгімелер 18 ғасырда басталады. Дәрігер Бенджамин Раш маскүнемдікті сын астына алып, Пенсельвания штатының атынан жауынгерлерге берілетін күнделікті бір стакан вискиден бас тартуға шақырды. Сол кезде АҚШ азаматтарына күніне бірнеше саптыаяқ виски норма еді, себебі басқа шай, кофе тәріздес сусындар отарлық өнім болып саналды. Оларды басқа метрополиялардан әкелу қажет болды, ал виски сол жерде өндірілді. Жаңа елге өзіндік ұлттық сусын қажет болды, кездейсоқтықтың нәтижесінде ол виски болып шықты. Көбірек мақсатты әрекеттер 1825 жылы Коннектикутта басталды. Ең басында елдегі ішімдік ішуге арналған мекемелердің санын азайту көзделген болатын, бірақ кейіннен 1840 жылы толықтай тыйым салу қажет деген мақсат қойылды. 1905 жылы "құрғақ заң" Канзас, Мэн, Небраска, Солтүстік Дакота секілді штаттарда орнықты, 1912 жылы 9 штатқа, ал 1916 жылы 26 штатқа таралды. АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысқа түскеннен кейін ел үшін астық қорларын сақтау маңызды болды, сол себептен "құрғақ заңның" жақтастары бүкілмемлекеттік ішімдікті өндіруге тыйым салуға қол жеткізді. 1919 жылдың 1 шілдесінен бастап АҚШ-та күші 2,75% асатын шараптар мен ішімдіктерді өндіруге тыйым салынды. Антиалкогольды әрекеттер халық арасында көп қолдауға ие болмады, онымен қоса ол экономикаға зиянын тигізген болатын және осы уақытта ұйымдасқан қылмыс күшейе бастады. Ешқандай салық төлемейтін бутлегерлердің контрабандалық бизнесі оларды миллионерлерге айналдырды. АҚШ-тың әділет министрлігінің деректеріне сүйенсек Нью-Йорк штатындағы заңды орындамау көрсеткіші 95%, Сан-Франциско аймағында 85% жетті, ең аз көрсеткіш 5% Канзас және Юта штаттарында болды. Халықтың наразылығынан кейін 1933 жылы АҚШ Конституциясына жиырма бірінші түзету енгізіліп, "құрғақ заң" өз күшін жоғалтты.
Ислам елдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құранда ішімдік ішуге тыйым салынғанымен, кейбір ислам елдерінде заң жүзінде "құрғақ заң" жоқ. Тек кейбір елдер ғана ( Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран) қолданылатын ішімдік мөлшеріне шектеу қойды. Ислам діні басым елдерде "құрғақ заң" болмаса да, адам басына шаққандағы алкоголь мөлшері аз. Мысалы, Түркияда 1983 жылы 1,2 литр болса, КСРО-да 6,1 литр, АҚШ-та 8,1 литр, ал Францияда 13,1 литрге жетген.
Қазақстан
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда шамамен халықтың 30% алкоголь сусындарын күнделікті өмірде қолданады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев спиртті сусындарды кешкі 21:00-ден түскі 12:00-ге дейін сатуға тыйым салатын заңға қол қойды. 2011 жылы мәжіліс депутаты Алдан Смайыл "құрғақ заңды" ұстану керек деген идеяны ұсынды.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстанда "кұрғақ заңды" енгізу ұсынылды
- Ішімдікті сату жайлы тыйым Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
- Ресей империясы мен КСРО-дағы "құрғақ заң" Мұрағатталған 7 қазанның 2007 жылы.
- Sober thoughts: Myths and Realities of National Prohibition after fifty year.-D.E. Kyvig.//Law, alcohol and order. Perspectives on National *Prohibition.- ed. D.E. Kyvig.-Greenwood Press.-Westport-London.:1985.-219p.-p. 3-21.
- James H. Timberlake.-Prohibition and the progressive movement.-ed. Harvard University Press.-Cambridge-Massachusetts.; 1963.-237p.-p. 5-28.
- Keepers of the spirits. The Judicial Response to Prohibition Enforcement in Florida 1885—1935.-John J. Guthrie, Jr.-Greenwood Press.-Westport.: 1998.-160 p.
- Ann Marie E. Szymanski.-Pathways to Prohibition.-ed. Duke University Press.-Durham, Oklahoma.: 2003.-325p
- Lewis T. Gould.-America in the Progressive Era.-ed. Pearson Education ltd.-London.:2001.-132p.
- Amy Mittleman. — Brewing Battles. A history of American beer.- ed. Algora Publishing.- NY.:2008.-229p.